Dynamic Text - динамикалық мәтін

Скачать

Мәтін, мәтіндік блоктарды құру
Мақсаты:
 Оқушыларды Macromedia Flash бағдарламасында мәтінмен жұмыс жасауды үйрету;
 Оқушыларды мәтінмен жұмыс жасау туралы білімдерін қалыптастыру
 Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасауда ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту, топта бағалауға баулу;
Жұмыс нәтижесі:
 Компьютерлік графика, графикалық редакторлар туралы кең түсінік қалыптастыру;
 Өз бетінше іздену арқылы бір - бірімен ақпарат алмасу;
 Бір - бірін оқытуы, бірін - бірі тыңдауы арқылы бір ұжым қалыптастыру;
 Берілген сұрақтар арқылы ойлау қабілеттерін, жауап беру шапшаңдығын анықтау;
 Өмірмен байланыстырып болашақтың жоспарын жасауға үйренеді
Топта бағалай алатын болады, алған білімдерін күнделікті өмірмен байланыстыра білуді үйренеді, қосымша деректермен жұмыс жасауды үйренеді, ғылыми көзқарасы қалыптасады. Пікірлерін айта алады, өзіндік ойын ортақ пікірге келтіріп отырады, көпшілікте өзін - өзі реттейді.
Сілтеме: Б. Қ. Сапарғалиева, Н. Е. Масалимова, Г. А. Тезекбаева
Әдіс - тәсілдер: өзін - өзі бағалауға ықпал ету. Жаңа әдіс – тәсілдер.
Ресурстар: оқулық, мұғалімге арналған нұсқаулық, интерактивті тақта, слайдтар, стикерлер, маркерлер.
Сабақ жоспары
1. Ұйымдастыру: топқа бөлу, мақсат қою
2. Сабақ барысы: Блум таксаномиясы бойынша
3. Рефлексия
4. Үйге тапсырма

Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін әр орындықтың артына Топ мүшесі және әр топтың
1 орындығына ғана Топ басшысы деген стикер жабыстырған. Топ басшысы деген орындыққа отырған оқушыға Бағалау парақшасы беріліп, топтағы оқушылардың бағаларын берілген критерийлер бойынша бағалау сұралады.
Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру, оқу - құралдарының болуын қадағалау. Зейіндерін сабаққа аудару.
Растрлық графика тобының тапсырмасы
Растрлық графикалық редакторлардың міндеттері, түрлері, қолданылуы, артықшылығы мен кемшілігі туралы мәлімет жинақтап, слайдпен қорғау
Векторлық графика тобының тапсырмасы
Векторлық графикалық редакторлардың міндеттері, түрлері, қолданылуы, артықшылығы мен кемшілігі туралы мәлімет тауып, топтастырып, слайдқа салып арасындағы 1 оқушы қорғау
Фрактальды графика тобының тапсырмасы
Фрактальды графикалық редакторлардың міндеттері, түрлері, қолданылуы, артықшылығы мен кемшілігі туралы мәлімет жинақтап слайдпен сәндеп жұмыстарын қорғау

Слайдтағы тапсырмаларды орындау
1. Графикалық редакторлардың ең кіші элементтерін табу
2. Пішінге шеңбер, доға, тіктөртбұрыш салу үшін қандай объектіні қолданамыз?
3. Macromedia Flash бағдаламасында қандай терезелер бар?
4. Негізгі мәзірде қандай батырмалар бар?
5. Құрал - саймандар тақтасында қандай батырмалар бар?
Ал енді, балалар экранға назар аударыңдар.
Суретке қарап әңгіме құру, оқушылардың өз пікірлерімен бөліседі.
Ал, осы сендердің құрған шағын әңгімелерің бұл не балалар?
Оқушылардың жауабы: ақпарат, мәлімет, тақырып, информация, мәтін т. б. деген сынды мәтін сөзі шыққан уақытта дұрыс айтасыңдар балалар! Мәтін! Бүгінгі жаңа сабағымызды дәптерлеріңе жазып алыңдар Мәтін, мәтіндік блоктарды құру Жаңа сабақты түсіндіру
Macromedia Flash MX бағдарламасында үш түрлі мәтінді ұйымдастыруға болады:
1) Static Text – статикалық мәтін;
2) Dynamic Text – динамикалық мәтін;
3) Input Text – толтырылатын мәтін.
Мәтінмен жұмыс жасау үшін мәзірлер тақтасындағы Text мәзірін шертеміз немесе құрал - саймандар тақтасындағы батырмасын басамыз. Қажетті мәтінді құжатқа жазамыз. Properties бөлімінен немесе Text мәзірін басқан кезде шығатын командаларды қолдана отырып енгізілген мәтіннің қасиеттерін өз қалауымызша өзгертуімізге болады (12 - сурет).

Енгізілген мәтінді ерекшелеп алғаннан соң әрбір әріпті жеке объект ретінде қарастыруға болады. Ол үшін ModifyBreak Apart командасын орындаймыз немесе Ctrl+B пернелер комбинациясын басамыз.
Әріптерге құю (заливка) жұмысын орындаған тек қана түстерді емес, қандай да бір объектіні қолдануға болады. Ол үшін әріпті ерекшелеп аламызда Color Mixer терезесінен Bitmap қасиетін таңдаймыз. Төменде ашылған сұхбатты терезеден қалаған бейнені тінтуір нұсқағышымен нұсқасақ болды.

Пән мұғалімі: Салихова Мадина Жуламоновна

Толық нұсқасын жүктеу
Қосымшасын жүктеу


Скачать


zharar.kz