Ақан серінің Құлагер әні

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Сал – серілік дәстүр және кәсіби музыка
Ақан сері Құлагер - тыңдау.
Е. Брусиловский Жалбыр операсынан үзінді.
А. В. Затаевич Айнамкөз - тыңдау.
К. Дүйсекеев Анна тілін сүйеміз - үйрену.

Сабақтың мақсаты:
1 Музыкалық білімін жетілдіру. Сал – серілік дәстүрді насихаттау, ерекшелігімен таныстыру. Серілер шығармашылығымен, өмірімен танысу.
2 Баланың музыкалық талғамын ашу. Ән – жырға деген сүйіспеншілігін арттыру.
3 Адамгершілікке, Отанды сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
Оқулықпен жұмыс.
Сал – серілік дәстүр және кәсіби музыка мәтіні оқылады.
Әннің қасиетін қазақ халқы бағалай білген. Ойларын Жігітке өнер де өнер, өлең де өнер , Өнерлінің өзегіталмас , Өнерлінің өрісі ұзақ деген сияқты данышпандық сөздермен айтып кеткен.
Ақын – жыршылар, әнші – күйшілер қазақ тарихының әр кезеңінде өмір сүрген. Олар халқының шын жанашыры, нағыз жоқтаушысы болған.
Тілге шешен, сөзге тапқырлығымен, әншілігімен атағы жайылған Ақан сері, Біржан сал, Сегіз сері, Үкілі Ыбырай, Шашубай, т. б. тарихта өнерімен аты қалған адамдар.

Музыка тыңдау: Ақан серінің Құлагер әні.

Құлагер, кішкентайдан керім едің,
Нағашым сұрағанда беріп еді.
Асына арғын, қыпшақ қоықанымда,
Алдында алпыс аттың келіп едің.

Құлагер, жаз жайладым, күз жайладым,
Тұсына қызды ауылдың көп байладым.
Қлгенін Құлагердің көргенімде,
Жұлдым да сақалымды ойбайладым.
Ор болып қалушы еді шапқан жерің,
Шаттанып тұрушы еді қосқан елің.
Атығай – қарауылға олжа салған,
Бота тірсек, қыз сағақ сандал керім.

Е. Брусиловский Жалбыр операсынан үзінді.
Халық әні Айнамкөз .
А. В. Затаевич Айнамкөз (фортепианоға арналып өңделген).

Үш шығарманы тыңдай отырып, оқушылар домбыра аспабымен айтылған ән мен симфониялық оркестр үнін және фортепианолық музыканы салыстырады. Халық әні мен кәсіби музыканың байланысын, ерекшелігін байқайды. Қазақ кәсіби музыкасының қалыптасып, дамуына халық әндері мен күйлері негіз болғанына көз жеткізеді. Бұл шығармалардан қазақ халқының ұлттық музыкалық өнерінің сыры, құрылысы, тембр ерекшелігі, ғажайып иірімдері, ашық та айқын әуезділігі анық байқалады.

Ән үйрену: К. Дүйсекеев Ана тілін сүйеміз .

Ән өлшемде жазылған. Әннің әуені жұмсақ, вальс екпінінде орындалады. өлшемді дирижерлауды еске түсіру.

Шығармашылық жұмыс: Тіл туралы мақал – мәтелдер.
Тіл – қылыштан өткір.
Өнер алды – қызыл тіл.
Қызыл тіл – жанның мияты,
Абырой – ердің қуаты.

Сабақты қорыту:
Оқулықтағы сұрақтарға жауап Бере отырып, берілген кесте толтырылады.


Скачать


zharar.kz