Есепті шешу

Скачать

Сабақтың тақырыбы: 2 - ге көбейту және бөлу
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларды 2 санына кестелік көбейту және бөлу білімдері мен біліктерін тиянақтау.
Дамытушылығы: оқушылардың математикалық білімі арқылы интеллектісін дамыту: есептеу машықтарын жетілдіру; өздіктерінен жұмыс істеу, жеке топтық жұмыста шапшаңдылық танытуға машықтандыру.
Тәрбиелігі: өзін - өзі басқаруға, ұжымда белсенділікке тәрбиелеу. Жауапкершілікті сезіне білуге үйрету.
Түрі: қайталау.
Әдісі: басқара отырып түсіндіру.
Көрнекіліктері: алгоритм құруға арналған кестелер, бағалау карточкалары, көңіл күй корсеткіштер, үй суреті.

Сабақтың барысы: 1. Алғашқы кезең.
1. Балалар зейінін сабаққа аудару.
2. сабақ түрі мен оның мақсатымен таныстыру.
3. Дәптерлерін жұмысқа даярлау

2. Жаңа сабақ. 1. Алгоритм дегеніміз не? (Бір нәрсені орындау үшін құрылған программаны алгоритм дейді.)
2. Біз бүгін үй салу алгоритмін құрамыз. (Қазіргі кездегі үй салудың маңызы, қаламыздағы салынып жатқан үйлер, ипотека.) Үйіміз дұрыс, әдемі болып салынуы үшін әрбір алгоритм бойынша тапсырмаларды орындауымыз керек.

1 - алгоритм. Құрылыс материалдарын сатып алу.
Арифметикалық диктант:
2*2=4
10*2=20
90*1=90
8*0=0
1*2=2
100*2=200
7*1=7
0*800=0

2 - алгоритм. Фундамент құю. Оқулықтағы №1 тапсырманы орындау. Есеп шығару өзіндік алгоритмі бар. Соны пайдаланып берілген есептерді шығарайық, шартын, жауабын, шешуін салыстырайық.
Есеп шығару алгоритмі: 1. Есеппен танысу.
2. Есептің не туралы екенін анықтау.
3. Белгілі, белгісізін анықтау.
4. Есептің шарты мен сұрағын ажырату.
5. Дәптерге шартын жазу.
6. Есепті шешу.
7. Жауабын жазу.
Дархан - 16 ұпай. ----------------- Дархан - 16 ұпай
Дәурен -? 2 есе кем ------------- Дәурен -? 2


Скачать


zharar.kz