Бағалау критерийлері

Скачать

Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ: Сөйлеу стилі
9 сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Т6 Орта көлемді пікірталастар, сұхбаттар, дәрістерді тыңдайды, көтерілген мәселенің түйінін түсінеді;
О4. Мəтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау.
Бағалау критерийлері: Жаңа тақырып бойынша түсіндірілген мысалдарды есінде сақтайды, таниды.
Берілген мысалдарды түсіндіреді, қайта жасайды, көрсетеді.
Талдау барысында білімін көрсетеді.
Сабақ мақсаты: Барлық оқушы орындай алады: Негізгі тірек сөздерді айтады. Сөйлеу стилінің ерекшелігін үйренеді
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Бір - біріне сұрақ қоя алады, сұраққа жауап бере алады. Стиль түрлерін ажырата алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Ұсынылған мысалдардағы сөздердің мағынасын және тілдік ерекшелігін табады және жазады.

Басы
1. Сәлемдесу.
2. смс - хабарлама дайындап, сыныпты 3 топқа бөлемін.
Смс - хабарлама
9 - сынып оқушылары, бүгін қазақ тілі сабағында 3 топқа бөлініп отырыңыздар. Бөліну реті: туған күндеріңіздегі цифрға байланысты.
3. Үй тапсырмасы сиқырлы таяқша әдісі бойынша тексеріледі.
ОЖСБ - ға дайындық – сан есім.
- Сан есім дегеніміз не?
- Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
- Тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?
- Мағыналық түрлер нешеу?
- Мысал айта аласың ба?
Дескриптор:
Сұрақтарға дұрыс жауап береді.
Бағалау: (үлгерім кестесіне түсіру)
1. Жаңа сабақ түсіндіру
Дескриптор:
1. Дәрісті тыңдайды.
2. Жаңа ақпаратты дәптерлеріне жазып отырды.

Ортасы
1. Мысалдармен жұмыс. Ойлан. Жұптас. Бөліс әдісімен мысалды оқиды, талдайды.
Асты сызылған сөздердің ерекшелігін анықта:
1. Саңырау – құлағының мүкісі бар, соқыр – көзі көрмейтін адам, өсекші – қосып айтатын адам. (сөйлеу стилінің лексикалық ерекшелігі - эвфемизм сөздер)
2. Басың қағыр – басың қалғыр, кеп отыр - келiп отыр, боп па - болып па. (сөйлеу стилінің фонетика - морфологиялық ерекшелігі – дыбыстарды түсіріп айту)
3. – Атың кім? – Кімсің?
– Адаммын. (сөйлеу стилінің синтаксистік ерекшелігі – диалог)
4. Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр жауады.
5. – Балақай, сурет сала білесің бе?
(сөйлеу стилінің фонетика - морфологиялық ерекшелігі – оқшау сөздерді қолдану)
6. Уау, қандай күшті! Оһо, би деп осыны айт.
А - а - а - а, құладым, ұстаңдар!
(сөйлеу стилінің фонетика - морфологиялық ерекшелігі – экспрессивті - эмоционалды сөздерді қолдану).

Мұғалімнің аты-жөні: Акашаева Зияда Мирасовна
Сөйлеу стилі. жүктеу


Скачать


zharar.kz