Кей - кейде мына өтірік күлген көзіңнен, Сұмдық бір жаттық сезінем

Скачать

Мұқағали Мақатаев

Аңғал досым - ай,
He дейін саған, не дейін.
Көрінеді ішің,
Ашылса болды көмейің,
Жақсы да сені демейін,
Жаман да сені демейін,
Қасымда жүрші әрқашан сені көрейін.
Адамға деген жақсылығың да шамалы,
(Жаманнан гөрі жоғары.)
Кейітіп жанды,
Кей - кейде сенің түсіңнен,
Сұп - суық, сұмдық үскірік аяз соғады.
Кей - кейде мына өтірік күлген көзіңнен,
Сұмдық бір жаттық сезінем.
Безінем онда өзіңнен,
Өзіңе деген
Достығымнан да безінем!
Мінез - құлқыңды түрлентпей
Болсаңшы, досым,
Өмірде мына бір беткей.
Жақсылығың жүр,
Жаманнан гөрі жоғары.
Жамандығың да, жанымнан менің жүр кетпей.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2


Скачать


zharar.kz