Ақын қонақтар әңгімесіне сценарий жазу

Скачать

Сабақтың тақырыбы: М. Әуезовтің Ақын қонақтар әңгімесі.
Сабақтың мақсаты:
Біліміділік: Ақын қонақтар шығармасын талдай отырып, шығарма кейіпкерлерінің ішкі сарайын, сезім сырларын ұға отырып, кейіпкерлер арасындағы ізгілік қарым - қатынасты талдау.
Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын, ойлау қабілетін дамыту; есте сақтау, танымдық дағдысын қалыптастыру; ой белсенділігін арттыру; шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Ұлы адамдардың еңбек жолын құрметтеп үлгі алуға, елінің саналы азаматы болуға, шәкірттерді рухани құндылықтар арқылы патриотизмге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Құрылымдық талдау, сұрақ - жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс, проблемалық сұрақтар қою.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, семантикалық карта
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері
Сабақтың барысы:

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен амандасу
• Оқушыларды түгендеу
• Сабаққа қажетті құралдарды тексеру
• Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Мұғалімнің сөзі:
Біз - ұлы халықтың ұрпағымыз. Қазақстан үшін Әуезов - екінші Абай . Абай Құнанбаев та, М. Әуезов те - жомарт табиғаттың жарық дүниеге тым сараң сыйлайтын біртуарлары, халқымыздың парасат әлеміндегі ғасырлық ғажайыптары, саф таза сұлу, айырықша оқшау құбылыстар. Қазақ әдебиетінің XIX ғасырдағы асқар белі – Абай, XX ғасырдағы заңғар биігі – Әуезов. Абайды Әуезовтен бөліп жара қарай алмаймыз. Абайды әлемге танытқан - Әуезов. Міне, Абайдай ұлы бабамыздың барлық ғұмыры арқылы халқымыздың биік рухын, мәдениетін, салт - дәстүрін, тұрмыс - тіршілігін танытты. М. Әуезовтің Абай жолы романын оқыған адам тебіренбей қоймайды.

II. Үй тапсырмасын сұрау:
Сәйкесін тап (интерактивті тақтамен жұмыс арқылы Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы сұрау. )

ІІІ. Жаңа сабақ:
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Ақын қонақтар әңгімесінің құрылымын талдау.
(Күнін, тақырыбын дәптерге жазғызу)
Ал, балалар, кез - келген шығарманың оқиғасы қалай болса солай берілмейді, ол белгілі бір тәртіппен өрістеп отырады, оқиғаның болған жері, орны, мезгілі көрсетіледі, ондағы адамдардың сыртқы пішіні, мінез - құлқы, іс - әрекеті, сөйлеген сөзі, күйінуі, сүйінуі, еске түсіруі болады, оқиғаның неден басталғаны, қалай өрбігені, аяқталған соң немен тынғаны да айтылады. Ал, жазушы осы бөлшектерді келістіріп құрастырады. Оны шығарманың құрылымы немесе композиция дейміз. Қазір осы Ақын қонақтар әңгімесін құрылымына қарай талдаймыз.

Әңгіменің композициялық құрылымы:

Оқиғаның басталуы: Абайдың науқас күйі
Оқиғаның дамуы: Зере мен Ұлжанның әңгімелері
Шиеленісуі: Құтты қонақтардың келуі, жырлары
Шарықтау шегі: Барластың батасы
Шешімі: Қонақтарды аттандыру

(слайдтан кезекпен әр бөлімді талдаған сайын көрсетіледі.)
(Портрет, мінездеме)

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:
Семантикалық карта
Кейіпкер сөзі -------------------------------------------------- Абай ------- Зере ------- Ұлжан ----- Барлас ------ Байкөкше
Ал, балам, әжеңмен екеуімізді
қажай беруші едің, әңгіме, жырдың дүкені
міне, жаңа келді. Мына кісі Барлас деген ақын.
Шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай
егілген дегендей, сөйлеуді де, тыңдауды да
сүйген ел - дағы.
- Мұны айтқан кім? Осы өлеңді шығарған кім екен?
деп Барластан сұрады.
- Жүрмеңдер, асықпай, әлі біраз күн қонақ боп жатып кетіңдер.
- Әріден келе жатқан деседі - ау, балам, бұның түбін...
- Апа, екеуіне де жақсы қып сый беріп аттандыршы.

Ү. Жаңа сабақты қорыту:
(Проблемалық сұрақтар арқылы)
Әңгімедегі шаттық сыйлар құдірет неден аңғарылады? Абайдың сауығып кетуіне не себеп болды? (Балалар өздері қорытады.)
Әжесі мен анасының аузынан әңгіме, жырларды естіп өскен Абай, бүгінде қазақ үшін шоқтығы биік, ұлы тұлға. Абайды білмейтін қазақ жоқ. Қаламызда Абай атындағы театр, жоғарғы оқу орны, даңғыл, мектеп, Абай оқулары деген конкурс та бар емес пе?
(Абай туралы слайд көрсетіледі)
Абайдай дананың ұрпағы - сендерсіңдер. Елбасымыз биылғы жылы халыққа жолдауында да оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндік жасау туралы айтып өтті. Еліміз үшін сендер де болашақта еңбек етіп, Абай, Мұхтардай халқын сүйетін азамат болатындарыңа мен сенемін!

ҮІ. Оқушыларды бағалау:
Абайдай дана, Мұхтардай ұлы,
Байқадым бүгін, сабақтан бұны.
Оқушылардың аты
5 деген баға алдыңдар бүгін.

Білімді нақтылап көздеген,
Аламын оны деп ізденген.
Оқушылардың аты
Алдыңдар баға 4 деген.

Жақсылардан әлі үлгі аларлық,
Шығарманы қайтадан қарарлық.
Оқушылардың аты
Бүгінгі бағаларың қанағаттанарлық.

ҮІІ. Үйге тапсырма:
Ақын қонақтар әңгімесіне сценарий жазу. Абайдың балалық шағы портретін салу.


Скачать


zharar.kz