Көзіңнен ойоқыған сонау күніарнаған өзінсаған қарлығашың

Скачать

Фариза Оңғарсынова өлеңі

Қай жерде отырса да қарлығашың
Қай жерде отырса
да қарлығашың,
сен оның
жүрегінде, жанындасың.
Сәбидей сенің
әппақ көңіліңе
күдіктің күңгірт
бұлты шалынбасын.
Қай жерде отырса
да қарлығашың,
ұқ,
жаным, оның жатқа табынбасын.
Біл, жаным, оның
албырт жүрегінің
жалынып,
өзгелерге жағынбасын...
Өмірде, қарап тұрсам, бағың да сын,
тек жаның
жалынынан арылмасын!
Көзіңнен ой
оқыған сонау күні
арнаған өзін
саған қарлығашың.


Скачать


zharar.kz