Қазақ тілі
Тақырыбы: Сөз. (232 - 236 жаттығулар)
Мақсаты. 1) сөйлемнің сөздерден, сөздің дыбыстардан құралатынын, дыбыс әріппен таңбалатынын оқушылардың есіне түсіру.
2) Сөйлем белгілі бір заттың, құбылыстың, сын-сапаның, т. б атауы екенін ұғындыру, сөздің өзіне тән мағынасы болатынын байқату.
3) Оқушылардың сөздерді дұрыс қолдана біл қабілетін дамыту, сөздерден сөйлем құрау дағдысын жетілдіру.
Көрнекілігі: плакат, үлестірмелер, суреттер
Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, топтық, жұптық жұмыстар
Түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Бота Бейсенованың Оқуда озат боламын әніне көңілді сергіту жасатамын.
ІІ. Жаңа сабақ
232 - жаттығуды орындата отырып, топқа бөлу.
1 - топ Дыбыстар - дыбыстар жайлы білетіндерін айтып, жұмыстарын қорғайды.
2 - топ Буындар - буындар жайлы білетіндерін айтып, жұмыстарын қорғайды.
3 - топ Сөздер – сөздер жайлы білетіндерін айтып, жұмыстарын қорғайды.
ІІІ. Білімдерін тексеру:
Дыбыс дегеніміз не?
Әріп дегеніміз не?
Буын неден құралады?
Сөз неден құралады?
Ай мектеп
Сөз дегеніміз не?
Ережемен таныстыру
Сөз - заттың, сапаның, қимылдың, санның атауы. Масалы: ай, үй, ақын; тұнық, әдемі, жиырма, оқыды.
Жұптық жұмыс
233 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, бірнеше сөз жасап жаз.
Жол, жас, жел, жақ, жал, жат, жыл, жаз
Сөз мағынасы неліктен өзгерді деп ойлайсың?
Сергіту сәті
Теңіз де тартылады,
Мұхит та сарқылады.
Құлайды орман - тоғай,
Қирайды орда - сарай.
Жер болып тау шөгеді,
Жайқалған бау семеді.
Көз жастан қақ қалады...
Сонда не сақталады?
Мәңгілік... (сөз) қалады.
Тақтамен жұмыс
234 - жаттығу. Cөздерді білдіретін мағынасына қарай топтап жаз және сұрақ қой.
адам ---------- ақ ---------- жиырма ---------- жүзді
кітап ------------ сұр ------------- жеті ------------ ойнады
жылқы ----------- қоңыр ----------- тоғыз
жапырақ ---------- жасыл ------------ отыз
235 - жаттығу. жұмбақты оқып, шешуін тап. Қарамен жазылған сөздердің мағынасы неліктен өзгергенін дәлелде.
Адассаң, ал қолыңа,
Бағыт сілтер жолыңа.
(компас)
Ойын: Кім тапқыр?
Көріп отырған сағаттағы 12 әріптен 21 сөз шығару керек. Ол үшін сағат тілі бойынша, белгілі бір жүйемен ешқандай әріпті аттамастан рет - ретімен оқыған жөн.
Сонымен, ойланып көріңдер, қанша сөз табады екенсіңдер.
Әр топтың сөздерін оқып қай топ көп сөз жинағанын жариялаймын.
ІҮ. Қорытынды.
- дыбыстар не жасайды?
- сөздер белгілі бір мағынада айтылады;
- сөздегі дыбыс өзгерсе, сөз мағынасы да өзгереді;
- сөз - белгілі бір заттың атауы;
- сөздерден сөйлем құралады.
Ү. Үйге тапсырма
236 - жаттығуды орындауға тапсырамын. Ережені жаттау.
ҮІ. Бағалау
Сабаққа белсенді араласқан балаларды мадақтап бағалаймын. Сонымен қоса топтың да жетістіктерін айтып мадақтаймын.
Бүгінгі сабақта не білдік, не үйрендік?
Сабақ несімен ұнады?