Жан жылуы жаттығуы

Скачать

Информатика пәні мұғалімі Зайнуллина Гүлжан Бейсембайқызы

Сабақ тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталған, циклдік)
Мақсаты: Білімділік – оқушыларға алгоритмнің типтері туралы жалпы мағлұмат беру.
Дамытушылық – Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік – оқушыларды тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушыларға алгоритм типтері туралы түсініктерді өз беттерімен жұмыстану арқылы меңгертуге ықпал жасау, топпен жұмыс істеуге дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ әдісі: Миға шабуыл , топтық жұмыс, практикалық жұмыстар, электрондық оқулықпен жұмыс
Қажет жабдықтар: ДК, оқулықтар, дәптерлер, презентация, (көзге арналған жаттығу), таратпа карточкалар.

Сабақ барысы:
Мұғалім әрекеті
Кіріспе
І. Ұйымдастыру. Жан жылуы жаттығуы. Қолдарынан ұстап бір-біріне төмендегі сөздерді хормен айтады.
Мен сенен жылу аламын (сол жағына қарайды)
Жүрегіме саламын (тура қарайды)
Досыма сыйлаймын (оңға қарайды)
Сәттілік тілеймін (тура қарайды)

Тұсаукесер 2мин
ІІ. Әртүрлі геометриялық фигуралар арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.
Әр топқа бағалау парақшалары таратылып береді.

Негізгі бөлім
ІІІ. Миға шабуыл әдісі арқылы үй тапсырмасын қайталау.
1. Алгоритм дегеніміз не?
2. Алгоритмнің негізін қалауша кім?
3. Алгоритм қай тілден шыққан?
4. Алгоритм орындаушысы дегеніміз не?
ІҮ. Жаңа сабақ
1 - топ тапсырмасы: сызықтық алгоритм
2 - топ тапсырмасы: тармақталған алгоритм
3 - топ тапсырмасы: циклдік алгоритм
Практикалық жұмыстар:
а) Электрондық оқулықпен жұмыс.
Әр топтағы оқушыға өзінің тақырыбы бойынша жұмыстар беріледі.
ә)“Өзеннің жағасында қасқыр, ешкі, капуста және қайықпен тасушы бар екен. Тасушы қасқыр, ешкі, капуста үшеуін, қасқырды ешкімен, ешкіні капустамен жеке қалдырмай отырып өзеннің келесі жағасына көшіруі керек. Мұны қалай жасауға болады
б) кестені толтыру
Қорытынды
Ребус шешу. алгоритм
Мұғалім оқушыларға смайлик таратып береді.
Көңіл - күй смайликтері

Бағалау парақшалары арқылы оқушылардың қойған бағаларын салыстыра отырып бағалау.


Скачать


zharar.kz