Сабақтың тақырыбы: Жіктеу есімдігінің септелуі (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жіктеу есімдігінің септелуін зат есімнің септелуімен салыстыра отырып меңгерту, жіктеу есімдігінің тілде атқаратын қызметін байқату. Оқушыларды есімдікті сөйлеу тәжірибелерінде саналы түрде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларды қажет жағдайда зат есімдерді есімдіктермен алмастырып қолдануға дағдыландыру, ой - өрісін, тілін дамыту, өз ойын тез әрі жүйемен жеткізуге, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ана тілін сүюге, музыкалық ұлттық аспаптарға қызығушылығын арттыру арқылы, өзінің ұлттық өнерін сүюге тәрбиелеу. Берілген жұмыстары бойынша жетістікке жетуге машықтандыру.
Сабақ түрі: жарыс
Пән аралық байланыс: ана тілі, музыка
Әдісі: түсіндіру, талдау, сұрақ - жауап
Көрнектілігі: интерактивті тақта, карточка, шар, қоңыраушалар.
Сабақ барысы: I. Психологиялық дайындық.
- Балалар бүгінгі сабағымызға қонақтар келді.
- Ұстаздарға өз қошеметімізді білдіріп, қазақ тілі пәніне деген сүйіспеншілігімізді өлең жолдарымен жеткізейік. (оқушы шығармашылығынан)
1. Қазақ тілім, менің бағым қолыңда,
Жеткізетін болашақтың жолына.
Білім нәрін қазақ тілім жетелеп,
Бақытымда қазақ тілі бағымда.
2. Мен қазақтың баласы,
Қазақ тілі - өз тілім.
Көк байрағым желбіреп,
Қазақтың төктім мен жырын.
3. Ана тілін қолға алып,
Ұстаздан алдым мен білім.
Алтын ұя мектептен,
Үйрендім тілдің қыр – сырын.
4. Анам маған үйреткен ана тілін,
Құрметте деп қазақтың дана тілін.
Білгеніңе қуанам өзге тілді,
Биік тұрсын дейді ғой – Ана тілің.
- Міне, балалар, бүгінгі сабағымызға өз шығармашылықтарыңды өлең жолымен тарту етіп, жатырсыңдар.
- Енді, үй жұмысымызды бастамас бұрын, сыныбымыздың оқушысы Байқонақтың қолөнерімен танысайық. Ол сабағымызға қолөнерін ала келіпті. Әкесімен бірге жасаған домбырасымен таныстыра кетсін.
- Міне, бүгінгі сабағымызда бұл аспапты жай көрсетіп жатқан жоқпыз.
1 слайд. Ұлттық аспаптарды көрсету.
- Балалар, мұнда назарымызды аударайық.
- Біз қандай аспаптарды көріп отырмыз?
- Домбыра, қобыз, шаңқобыз, жетіген, қоңырау, сазсырнай.
- Ендеше домбыраны жақсы үйренуіміз үшін, үй тапсырмасын орындайық.
- Үйге Кітапханада тақырыбына әңгіме жазу берілген. (30 – жаттығу)
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өтілген тақырыпты жүйелеу мақсатында бізге қатарлас 4 Б сынып оқушылары бүгінгі сабағымызға Хат қоржын ойынын ойнауға тілек білдіріпті, мұнда бірнеше тапсырмалар берілген, өз білімдерімізді осы ойын арқылы сынамақшымыз.
2 слайд
Хат қоржын ойыны
1. Сөз таптары қалай аталады?
2. Қандай сөз табын есімдік дейміз?
3. Жіктеу есімдігі дегеніміз не?
4. Жіктеу есімдігін жекеше, көпше түрде үш жақта жікте.
5. Жұмбақ
Бас, құлақ, мойыны бар,
Үп – үлкен шанағы бар.
Ысқышпен ысқанда
Әндетіп шығар әні бар.
- Балалар, ендеше қобыз аспабы туралы не білеміз?
слайд
Күй атасы - Қорқыт атамыз кішкене кезінен ақылды, өнерлі болып өскен. Ол барлық аспаптарда ойнай білген. өзі ойлап тапқан қобыз аспабында Қорқыт жануарлардың, құстардың үнін салған.
III. Жаңа сабақ.
Жіктеу есімдігінің септелуі деген тақырыбымызды тереңдете түсуімізге бүгінгі сабағымызда музыкалық аспаптарға да көңіл бөлеміз. Ондағы мақсатымыз ұлттық музыкалық аспаптарды тереңірек біліп, оларға деген қызығушылығымызды білдірейік.
- Ендеше, оқулығымыздағы 31 – жаттығуды іштей оқып, көшіріп жазамыз.
1) Есімдіктердің астын сыз.
2) Қай септікте тұрғанын айт