Қан кету

Скачать

Адам денсаулығына лимонның қандай пайдасы бар?
Лимонның денсаулыққа пайдасы мол. Осы ретте төменде лимонның қосындысынан жасалған бірнеше қоспаларды ұсынғанды жөн санап отырмыз.

Сүйелдер: Екі лимонның ұсатылған қабығына 30% сіркесудан 0, 5 стақан құйыңыз, тығыз жабылған ыдыста, кезеңдеп шайқап отырып, 8 күн ашытыңыз. Сүзіңіз. Осы тұнбада суланған тампонды, күніне бірнеше рет сүйелдерге жағыңыз.

Секпілдер: 100 г. бал алып, бір лимонның шырынымен араластырыңыз. Осы қоспамен дәкеден жасалған майлықтарды дымқылдатыңыз және секпілдер бар жерлерге 15 - 20 минутқа жағыңыз. Табысқа жету үшін үнемі 15 - 20 маска жағуға болады.

Гипотония: Қан қысымыңыз төмен болса, климактериялық кезеңде тамақтан соң үгітілген кофе дәмдерінен 50 г., 0, 5 кг. балдан және бір лимонның шырынынан жасалған қоспаны 2 сағаттан кейін 1 шай қасықтан қабылдаңыз. Қоспаны тоңазытқышта сақтаңыз.

Бас ауруы: Жаңа піскен лимонның қабығын алыңыз, цедрадан тазартыңыз, қабаққа салыңыз және бірнеше уақыт ұстаңыз. Кейін терінің үстінде лимон қабығының астында қызыл таңба пайда болады, ол қызады, ал бас ауруы басылады.

Тістерді нығайту: Егер сіз тістеріңіз ақ, ал тамырлары – мықты болсын деп тілесеңіз, тістеріңізді лимонның қабығымен ысыңыз.

Қан кету: Жатырдан қатты қан кетуде 6 жұмыртқаның ақтарын 0, 5 шай қасығы лимон қышқылымен араластырып, ішіп қойыңыз. Егер қажет болса қайталаңыз.

Аяқ сіңірінің тартылуы: Аяқтың табанына таңертең және кешке лимонның шырынын жағыңыз және жүрмеңіз, аяқ киімді шырын кеппегенше кимеңіз. Емделу курсы – екі жетіден аса емес.

Тырнақтарды күту: Тырнақтар икемділік пен қаттылықты жоғалтпау үшін, оларға лимон шырыны мен май қоспасын жиі жағу керек.

Құлақ ауырғанда: 2 - 5 тамшы лимон шырының тамшылаңыз – бұл құлақтың ауруын басады және естуді жақсартады.


Скачать


zharar.kz