Тақырыбы: Дүние жүзінің аймақтары
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға дүние жүзінің экономикалық - географиялық аймақтары, құрамы, ресурстары жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Д. ж. экономикалық - географиялық аймақтарымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Кіріспе сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ - жауап.
2. Әңгіме - дәріс.
3. Тірек - сызбамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т. б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты өту
1. Әңгіме - дәріс.
2. Тірек - сызбамен жұмыс.
ІІІ. Қорытындылау.
IV. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа сабақты өту.
1. Әңгіме - дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме - дәріс беруден басталады.
Дүние жүзі аймақтық шолу географиясы мазмұны мен құрылымы жағынан елтану бағытында қарастырылады. Оның бірнеше себептері бар: біріншіден, ХХ ғ ң 2 - ші жартысынан бастап д. ж. көптеген елдерінде табиғат ресурстарының шаруашылық бағытта шамадан тыс пайдаланылуы салдарынан табиғи орта күшті өзгеріске ұшырады. Ал қазіргі кезде экологиялық тепе - теңдікті сақтау мәселелері адамзат қоғамының басты назарында болып отыр. Екіншіден, жекелеген аймақтар, елдер туралы жүйелі географиялық білім қалыптастыруда түрлі ғылым салалары туралы материалдар мен деректерді пайдаланудың маңызы зор.