Педагог - психологтың ата - аналарға психологиялық кенес беру жұмысы КіріспеПсихологиялық қызмет білім беру ұйымдарында өз іс - әрекетін ҚР - ның конституциясымен, заңымен және басқа да нормативтік актіге сәйкес іске асырады

Скачать

Баяндама
Тақырыбы: Педагог - психологтың ата - аналарға психологиялық кенес беру жұмысы
Кіріспе
Психологиялық қызмет білім беру ұйымдарында өз іс - әрекетін ҚР - ның конституциясымен, заңымен және басқа да нормативтік актіге сәйкес іске асырады. Психологтың қызмет жұмысы Қазақстандық және халықаралық актілердің қатаң бақылауымен және бала дамуын қамтамасыз ететін заңдармен, психологтың этикалық кодексімен негізделеді.
Психологияны өмір тәжірибесінде кең көлемде енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерін адамдардың алдында тұрған қиын мәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмкіндік берді.
Психологтың кеңес беру және психологиялық коррекция жүргізудің технологиясы мен мазмұнын анықтау XIX ғасырдың аяғынан бері зерттелуде. Соған қарамастан бұл саладағы қызметтің көптеген қыр сырлары әлі толық анықталмаған.

Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері ретінде белгіленетін көптеген тәсілдерді тәжірибеленуші психолог кеңінен пайдаланылуда.
Психологиялық кеңес беру психолог тәжірибесінде бұрыннан бері пайдаланылатын ұғым болғандықтан, ол терминмен психолог қызметінің кең аумағының бір жақты көрсету қиын. Сондықтан психологиялық білім қолданылатын кез келген салада кеңес беру жұмысы осы қызметті ұйымдастыру формаларының бір түрі ретінде саналады. Кеңес беру жұмыстарының өзі бірнеше бағытта болуы мүмкін кәсіби кеңес беру, ата - аналарға және педагогтарға кеңес беру, басшыларға кеңес беру, мектеп жасындағы балаларға кеңес т. с. с.


Скачать


zharar.kz