Танакөз Толқынқызының өлеңдері. Астанаға ақпан келді
Астанаға ақпан келді,
Әлеміме сен келдің.
Тоқтата алмай соққан желді,
Сыймай үйге сенделдім.
Дегбір қашты үн қатқанша,
Бұл не деген ауыр күн?
Жұрт тұмаумен сырқаттанса,
Мен өзіңмен ауырдым.
Қызуыңыз көтерілсе –
Ол жай тұмау тигеннен.
Өзегімде от өрілсе –
Сізді құлай сүйгеннен.
Танакөз Толқынқызының басқа өлеңдерін қарау