4 сынып
Сабақтың тақырыбы: М. Әуезовтың Жетім әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: М. Әуезовтің өмірі, шығармашылығы жайлы мәліметтерді бере отырып, Жетім әңгімесін мәнерлеп оқып, мазмұнымен таныстыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау, сезіну, қабылдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: жақсы мен жаман қылықтарды ажырата білуге, қамқоршы бола білуге, ұлы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: М. Әуезовтің суреті, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, баяндау, көрнекілік, топтау
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Сыныптың сабаққа даярлығы
2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасы: сұрақ - жауап
ІІІ. Жаңа сабақ
Авторға шолу М. Әуезов кім?
М. Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген.
М. Әуезов
↓
Ұлы жазушы
қоғам қайраткері
Драматург
жазушы
Әдебиет зерттеуші
Ой қозғау.
М. Мақатаев Жалғыз көкек
Жетімсіреп, жем іздеп балапанға,
Жалғыз көкек жүретін жаға талда.
Әлдекімді жоқтайтын күн батарда,
Әлдекімді жоқтайтын таң атарда.
Иесіз қалған, бұзылған тамға барып,
Қонушы еді, қанатын қомдап алып.
Жоқтаушы еді оңаша отырып ап,
Оқшау шетте ұясы, талда қалып.
Сұңқыл үнді сұрша құс, жан Отанын -
Ойландырып тастайтын жаға талын.
Оңашада отырып жоқтаймын деп,
Оятатын ұядан балапанын.
М. Әуезовтің Жетім әңгімесімен танысамыз
Мұғалімнің түсіндірмесі
Оқулықпен жұмыс
Тізбектей оқу
Көзбен оқу
Сұрақ - жауап
1. Әңгіме қалай басталады. Жападан - жалғыз келе жатқан бала кім?
2. Әңгімеде Қасым жетімдіктің қорлығын қалай көрген?
3. Әңгімедегі қараңғы түндегі қорқыныш елесі қалай берілген?
4. Егер сен Қасымның орнында болсаң, не істер едің?
5. Қасымға жетімдіктен құтылудың қандай амалын айтар едің?
Сөздікпен жұмыс
Сыр сандықтан шыққан сөздермен танысайық
Қиянат - әділетсіздік, зорлық, өктемдік
Қаға беріс - шеттеу
Сергіту сәті
Шығармашылық тапсырма
Егер сен жазушы болсаң, осы әңгімені қалай аяқтар едің?
Венн диаграммасы
Қасым --------------- Исаның балалары
Жетім, қамқоршысы жоқ ------------------- қамқоршысы бар, қарны тоқ
Топпен жұмыс
1 - топ Табиғаттағы жетім қалған құстарды суреттеу
2 - топ Табиғаттағы жетім қалған аңдарды суреттеу
Қорытынды.
Табиғатпен баланың көңіл - күйін суреттеу арқылы кестені толтыру
Атырау облысы, Атырау қаласы
М. Әуезов атындағы №7 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Дощанова Сәуле Құрманбайқызы
М. Әуезовтың Жетім әңгімесі жүктеу