Жалпы сөйлеу тілі дамымаған II - деңгейіндегі балалармен ұйымдастырылған топтық оку іс - әрекетінің технологиялық картасы
Тақырыбы: "Үй жануарлары және олардың төлдері"
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсінігін жан - жақты қалыптастыру.
Қоршаған орта туралы білімін кеңейту, сөздік - логикалық ойлауын, фонематико - фонематикалық есту қабілетін дамыту және ұсақ қол моторикасын дамыту, белсенді және енжар сөздік қорын байыту. Мимикалық жаттығулар арқылы бет - бұлшықеттерінің қимыл - қозғалысын және гүлдің иісі тамаша жаттығуы арқылы дұрыс тыныс алуын қалыптастыру. Баланың дүниетанымын кеңейту, адамгершілікке, достарын сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: үй жануарларының суреттері, гүл, оргстекло, трафарет, гуаш, қылқалам, слайд
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап
Іс - әрекеттер кезеңі
Мотивациялық қозғаушы кезең
Логопедтің іс - әрекеті
- Сәлеметсіңдер ме балалар?
- Көңіл - күйлерің қалай?
- Жақсы көңіл - күйлеріңді көріп қатты қуанып отырмын.
- Балалар бүгін біздің оқу іс - әрекетімізге көптеген қонақтар келіпті.
- Қане бәріміз қонақтармен амандасайық?
- Жарайсыңдар!
- Ендеше балалар жарты шеңбер жасап, шаттық шеңберін жасайық.
Шаттық шеңбер
- Жарайсыңдар балалар!
Ізденуші - ұйымдастырушы кезең
- Балалар бүгінгі оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы "үй жануарлар және олардың төлдерімен"танысамыз.
- Балалар бәріміз мына көгілдір экранға назар аударайық?
- Балалар көгілдір экраннан кімдерді көріп тұрсыңдар?
- Елдос пен Аяжанмен ауылға саяхатқа шығамыз ба?
- Олай болса ауылға саяхатымызды бастайық.
- Балалар ауылдың табиғаты қандай тамаша, ауасы қандай керемет.
- Балалар нелер көрінеді?
- Гүлдердің иісі қандай тамаша.
1. Тапсырма. "Гүлдің иісі тамаша?" тыныс алу жаттығулары.
Шарты: Балалар гүлді қолдарына алып, гүлді мұрынмен дем алып иіскеп, ауыз арқылы дем шығарады.
- Балалар біз қайда келдік?
- Ауылдың кімдерді көріп тұрмыз?
- Елдос пен Аяжан атасы мен әжесін көріп қатты қуанды.
- Олай болса көңіл - күй жаттығуын жасайық.
2. Тапсырма. Мимикалық жаттығулар.
1."Біз таңғалдық"- қасты көтеріп түсіру.
2."Жылауық" - көзді тарс жұму.
3."Ашулану"- маңдай бұлшық еттерін түю.
- Жарайсыңдар!
- Балалар үйдің жанынан ненің дыбысы шығады?
- Қане, бәріміз қай жақтан дыбыс естілетінін барып жақындап көрейікші?
- Ой, балалар біз не көріп тұрмыз?
Жарайсыңдар!
- Елдос пен Аяжанға жануарлардың аттарын атап берейікші?