Тақырыбы: 45+23 және 68 - 23 жағдайларындағы қосу және азайту
Мақсаттары: 45+23 және 68 - 23 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдерін меңгерту. Оқушылардың танымдық және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Ұйымшылдыққа, табиғатқа қамқорлықпен тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жазбаша қосу слайд, карточкалар, кесте
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау
Түрі: жаңа сабақ
Сабақ барысы
І. Психологиялық дайындық: Біздің мақсатымыз:
1 - слайд
Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз – еңбек ету,
Еңбек ету арқылы 5 - ке қол жеткізу.
ІІ. Ұйымдастыру кезеңі:
2 - слайд
Қазір біз математика сабағы. Күндегіден ерекше сабақ. Сабаққа барлығымыз дайынбыз ба?
Көңіл күйлерің қалай?
Онда жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық.
3 - слайд
Бүгінгі біздің тақырыбымыз. 45+23 және 68 - 23 жағдайларындағы қосу және азайту.
Сабағымызда жазбаша қосу және азайту тәсілдермен танысып, әртүрлі тәсілдермен есептер шығарамыз.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
5 - есеп. Санды кестеге цифрлармен жаз:
ІҮ. Жаңа сабақ:
Барлығымыз дәптерімізді ашып бүгінгі күн ретін, тақырыпты жазып алайық.
Ү. Математикалық диктант: Оқушыларға сандарды ондықтардың және бірліктердің қосындысы түрінде жазып көрсету:
18, 28, 37, 72, 45, 53, 67, 76, 81, 93.
5 - слайдтан тексеру
10+8------20+8
30+7------40+5
50+3------60+7
70+6------80+1
90+3------70+2
Оқулықпен жұмыс.
№ 1. Оқулықтағы өрнектердің мәндерін табуға оқушыларға ұсынамын, одан кейін тақтаға 45+23 өрнегін жазамын.
40+20= 60
5+3= 8
60+8=68
45+23= (40+5)+(20+3) = 68
- Қосындының мәнін табу үшін алғашқы үш өрнекті пайдалануға бола ма?
Оқушылар қорытынды жасайды: осы қосындының мәні 1 және 2 - өрнектер:
40+20 және 5+3 мәндерінің қосындысына тең.
№ 2. Ауызша орындалады. Оқушылар алгоритмді қолданып, өрнек мәнін табуды өздері түсіндіреді және екі таңбалы сандарды қосу әдісі туралы қорытынды жасайды:
6 - слайд. Екі таңбалы сандарға қосу амалын қолданғанда бірліктерді
бірліктерге және ондықтарды ондықтарға қосады.
№ 3, 4. Осы тапсырма бойынша жұмыс ауызша жүргізіледі. Қандай өрнектердің көмегімен 68 - 23 мысалын шығаруға болатынын анықтауды оқушыларға ұсынамын. Оқушылар №3, 4 - шешу алгоритмдерін пайдаланып, екі таңбалы сандарды азайту әдісі туралы қорытынды жасайды:
7 - слайд. Екі таңбалы сандармен азайту амалын орындағанда бірліктерден
бірліктерді және ондықтардан ондықтарды азайтады.
№ 5 Түсіндіре отырып тақтада шығарады.
76 - 34= (70 - 30) + (6 - 4) = 42
42+35= (40+30) + (2+5) = 77
85 - 32= (80 - 30) + (5 - 2) = 53
37+41= (30+40) + (7+1) = 78
94 - 52= (90 - 50) + (4 - 2) = 42
31+42= (30+40) + (1+2) = 73
56 - 24= (50 - 20) + (6 - 4) = 32
81+17= (80+10) + (1+7) = 98
V. Жұмбақ шешу.
Мүйізі бар – ешкі емес,
Жүгіргенде жеткізбес (киік)
8 - слайд. Бұл дөңес мұрынды ғажап жануардың аты - киік. Ол азайып бара жатқан соң қызыл кітапқа енгізілген. Есептер шығару арқылы біз киік туралы мәлімет аламыз.
VІ. Есепті шығару:
Киіктің түрі - түсі қандай? оның төлін қалай атайды? Мұны білу үшін