Дауысты дыбысты көрсет

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Буын түрлері, ашық буын
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықтай отырып, буын туралы түсінік беру. Ашық буын туралы мәлімет беріп, сөздерді буынға дұрыс бөлу жолдарын практикалық жолмен меңгерту; Тәрбиелілігі: Туған тіл әрбір елдің мақтанышы екенін ұғындырып, келтірілген мысалдар арқылы елін, жерін, туған тілін сүйе білуге тәрбиелеу; Дамытушылығы: ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу, ауызша, жазбаша сатылай талдау дағдыларын жетілдіру;
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, ізденушілік, тілдік талдау.
Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер, тірек сызба, үлестірмелі қағаздар, тест сұрақтары.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері.

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, зейіндерін сабаққа аудару, сабаққа даярлықтарын тексеру.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 1. Шолу сұрақтары.
2. Тест арқылы тексеру.
3. Тілдік талдау (ауызша сатылай кешенді талдау жасату)
Ұстаз, мектеп, мұғалім
1) Қазақ тілінде ашық дауысты дыбыстар нешеу?
А) 5 Ә) 7 Б) 6 В) 8
2) Қазақ әліпбиінде қанша дауысты дыбыс бар?
А) 15 Ә) 9 Б) 12 В) 11
3) Тіл дыбыстарын зерттейтін сала.
А) морфология Ә) фонетика Б) лексика В) синтаксис
4) Қазақ тілінде қанша дыбыс бар?
А) 36 Ә) 42 Б) 40 В) 37
5) Еріндік дауысты дыбыстар қатарын көрсет.
А) а, о, ө, е Ә) ұ, ү, о, ө Б) қ, ұ, и, ә В) ы, і, ә, ө
6) Ә қандай дыбыс?
А) ашық, еріндік Ә) жуан, езулік
Б) жіңішке, ашық, езулік В) қысаң, езулік
7) Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
А) славян Ә) жапон Б) түркі В) қытай
8) Дауысты дыбысты көрсет.
А) ы, и, а Ә) ә, в, г Б) қ, и, е В) г, ғ, и
9) Қатаң дауыссыздар қатарын көрсет.
А) л, м, н, ң Ә) б, в, г, п Б) п, к, қ, т В) ф, х, һ, м
10) Ұяң дауыссыз дыбыстан басталған бес арыстың бірін тап.
А) Сәкен Ә) Шәкәрім Б) Жүсіпбек В) Мағжан

ІІІ Жаңа сабақ:
1. Тақырыпты хабарлау, мақсат қою.
2. Бұрыннан білетін білімдерімен байланыстыру.
Сөздерді естілуіне қарай бірнеше фонетикалық бөліктерге бөлуге болады. Сөзді бөлікке белгілі бір тәртіппен ғана бөле аламыз. Әр бөлік бір - бір буыннан тұрады.
Буын - сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың тобы. Мысалы: қа - ла - лар, бі - ле - тін - де - рі - міз - дің, ор - ман.
Буынның негізгі белгілерін, түрлерін, ашық буынды тірек сызба арқылы түсіндіру, оқушыларға мысалдар келтірту.
Қосымша мәлімет: Сөздерді буынға бөлу жөнінде ғалым, профессор Қ. Жұбанов: Дауысты дыбыстан соң келген дауыссыздарды елемей өте шығып, әрбір дауыстының алдыңғы жағына бір дауыссыз тастап, бөле береміз дейді.

ІҮ Оқулықпен жұмыс: 297 - жаттығу
*Мәтіндегі сөздерді буынға бөліп жаз.
*Ашық буынды сөздерді тап.
*Құс сөзіндегі дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме бер.
298 - жаттығу
*Мәтінді оқып шығып, ілгерінді ықпал байқалатын сөздерді табу.
*Ашық буынды сөздерді табу.

Ү Бекіту: 1. Жалғасын тап ойыны
299 - жаттығу бойынша тақтаға қысқы көрініс бейнеленген сурет ілінеді. Алдыңғы оқушы мәтінді құрап бастайды, келесі оқушы ол сөйлемді көрмей өз ойын жалғастырады, соңғы оқушы мәтінді түгел оқиды. Қай қатардың мәтіні толық, әдемі құрастырылса, сол қатар жеңеді.
2. Ғажайып алаң ойыны Әдебиет пәнінен сұрақтар беріліп, жауабы буынға бөлініп, дыбыстық талдау жасалынады.
*Ұлы Абай атамыз өсиет еткен бес асыл істің бірі? еңбек
*Ә. Тәжібаевтың әдеби ертегісі қалай аталады? Толағай
3. Кім тез? ойыны. Әр қатарға буындар беріледі, сол буындармен сөздер құрастыруы керек.

ҮІ Үйге тапсырма:
І деңгей 300 - жаттығу.( екінші абзацтағы сөздерді буынға бөле отырып, көшіріп жазу)
ІІ деңгей 301 - жаттығу.(Мәтіннен екі буыннан тұратын сөздерді көшіріп жазу)
ІІІ деңгей (Азамат сөзінін соңғы буынынан басталатын сөздер ойлап жазу)

ҮІІ Бағалау: Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
ҮІІІ Қорытынды:
- Нені білдік?
- Неге үйрендік?


Скачать


zharar.kz