Балалар мынау үшбұрыш пішіні

Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеттің технологиялық картасы

Тақырыбы: Пирамида құрастыру. (үшбұрыш)
Білім беру саласы: Таным
Тараулар: Қарапайым математика
Мақсаты: Білімділік: Балаларға пирамида жайлы түсінік беру, үшбұрышпен таныстыру пішіннен пирамида құрап үйрету.
Дамытушылық: Балалардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Пирамида суреті, үшбұрыш пішіні.
Сөздік жұмыс: Пирамида
Әдіс – тәсілі: Көрсету, айту, түсіндіру.
Билингивалды компонент: пішін - фигура.

Танымды оятушылық
а) Балаларды шаттық шеңберге тұрғызу: Күнмен амандасу
Мақсаты: Балаларды сыпайлыққа тәрбиелеу.
б) Назарларын сабаққа аударту.

Ұйымдастыру - іздестіру.
Балалар қане біз қандай пішіндерді өттік соны есімізге түсірейік.
- Төртбұрыш
- Неліктен оны төртбұрыш деп айтамыз?
- Дөңгелек?
- Неліктен ол дөңгелек?
- Тік төртбұрыш
- Төртбұрыштан айырмашылығы неде?
- Балалар мынау үшбұрыш пішіні.
- Үшбұрыш деп аталу себебі, оның үш бұрышы бар: саусақпен жүргізіп бұрышын санайық:
Біреу, екеу, үшеу.
- Мынау біздің күнделікті ойнап жүрген ойыншығымыз, бұл ойыншықтың атауы пирамида.
Пирамида деп аталу себебі - оның астыңғы жағы жалпақ, ал үсті жіңішке болып келеді, пирамиданың пішіні үшбұрыш.

Сергіту сәті:
Қызыл, жасыл, сары, көк,
Алуан - алуан пішіндер.
Ал, қанекей балақан
Тап үшбұрыш ішінен.

- Ал балалар, қазір бірге пирамида құрастырамыз.
- Пирамиданың ең астына қандай дөңгелек қоямыз?
- Үлкен
- Оның үстіне қандай қоямыз?
- Орташа
Ал ең үстіне қандай дөңгелек қоямыз?
- Кішкентай
- Өте жақсы балалар енді келіп өздерің реті бойынша пирамиданы құраңдар.

Ойын: Қай зат артық?
Мақсаты: Балалардың алған білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Шарты: Үшбұрыш пішінді заттардың арасына дөңгелек пішінді зат қойып, қайсысы артық екенін тапқызу.

- Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?
- Біз бүгін қандай пішінмен таныстық?
- Үшбұрыш.
- Үшбұрыштан не құрадық?
- Пирамида.
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Үшбұрыш пішінін ажырата білу керек.
Болу керек: Сабаққа қызығушылығы болу керек.
Істей білу керек: Пирамиданы құрастыра білу керек.

Тәрбиеші: Умарова Гүлім


Скачать


zharar.kz