Сабақтың тақырыбы: Геометриялық денелердің сызбалары.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды геометриялық денелердің сызбаларын жазықтық бетінде проекциялауға үйрету.
2. Ұқыптылыққа, нақтылыққа, тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
3. Ойлау, елестету қабілеттерін дамыту және байқағыштық қабілетін арттыру.
Көрнекілігі: сызба плакат, геометриялық денелер.
Пәнаралық байланыс: геометрия, бейнелеу өнері
Сабақ барысы:
Сабақтың түрі: практикалық – танымдық сабақ жұмыс істеу
I. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу және сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
2. Жұмыс орындарын әзірлеу.
3. Сабақтың тақырыбын жариялау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1. Нәрсенің геометриялық пішініне талдау жасау дегеніміз не?
2. Айналадағы нәрселерді қарастырып, олардың қандай денелерден тұратынын айтып беріңдер.
3. Нәрсенің геометриялық пішініне талдау жасаумен кескіннің графикалық құрамы арасында қандай айырмашылық бар?
ІІІ. Жаңа сабақ
Геометриялық денелер дегеніміз кеңістіктің немесе жазықтықтың қисық беттерімен шектелген тұйықталған бөлігі.
Барлық геометриялық денелер екі топқа бөлінеді, олар: көпжақтылар (текше, призма, параллелипепед, прирамида) және айналу денелері (цилиндр, кону, шар)
Текшені проекциялау.
Текшенің жазықтықтағы проекциясын салу үшін оның төбелері арқылы V, H, W жазықтықтарына перпендикуляр проекцияланушы сәулелер жүргізу керек. Барлық үш проекцияда текшенің проекциясы шаршы түрінде бейнеленеді. Текшенің өлшемдерін түсіру үшін шаршының шарты белгісін - пайдаланылады, ол кескінделген нәрсенің табаны да шаршы болатынын көрсетеді. Осы белгінің жанына шаршының қабырғасының өлшеміне сәйкес сан қойылады.
Тік бұрышты параллелепипедті проекциялау.
Тік бұрышты параллелепипедті текше сияқты проекцияланады. Праллелепипедтің проекциялары үш тік төртбұрыш болады. Параллелепипедтің сызбасында оның үш өлшемі: ұзындығы, ені және биіктігі көрсетіледі.
Шарды проекциялау.
Шардың барлық проекциялары диаметрлері шардың диаметріне тең болатын үш дөңгелек. Әрбір проекцияда қиылысатын екі осьтік сызық жүргізілген. Шардың өлшемінің алдына диаметрдің шарты белгісін - Ǿ қояды. Бұл шарды белгі бір проекцияда кескіндеуге мүмкіндік береді. Алайда егер сызба бойынша сфераны басқа бір беттерден ажырату қиын болса, сфера сөзін жазады, мысалы, сфера Ǿ 45
ІУ. Бекіту. Жаттығуға арналған тапсырма.
Геометриялық денелер тобының сызбасын жетіспейтін проекцияларымен толықтырып сызу керек., мұндағы, текшенің өлшемдері - 20х20, параллелипипедтің өлшемдері - 10х20х40, шардың өлшемі Ǿ20 (111 - сурет).
У. Үйге тапсырма
УІ. Бағалау.