Екінші топ жаттығудын мақсаты - мәтінді тындауға арналған жаттығулар

Скачать

Қазақ тілі тілі сабақтарында студенттердің іскерліктері мен дағдыларын дамыту
Студенттердің мемлекеттік тілде сөйлеу кабілеттерін жетілдіру білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Қазақ тілі аркылы студенттер еліміздің мәдениетін, салт - дәстүрін меңгереді, еліміздің қазіргі ахуалымен, тыныс - тіршілігімен танысады. Қазақ тілінде студенттер дұрыс қарым - қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс. Тыңдап түсіну - сөйлеудің серігі, сөйлеу экспрессивті формаға жатса, тыңдау импрессивті формаға жатады. Ауызша айтылған сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық әрекет. Тыңдап түсіну қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік еске, қабылдауға, логикаға, санаға, ажырату және таным механизмдеріне, салыстыруға, жинақтауға байланысты. Тыңдап түсіну барысында студенттердің санасында фонетикалық жэне интонациялык есту кабілетін қалыптастыру керек, себебі бұл күрделі үрдіс болғандықтан жалпыға ортақ қиындықтарды және арнайы қиындықтарды ескеру қажет. Олар:

• Сөйлеуші қолданылған кейбір лексикалық және грамматикалык материал студентке таныс емес болуы мүмкін, бұл жағдай студентке тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінуді қиындатады. Бұл қиындықты жеңудің жолы – студенттердің пассивтік және потенциалдық сөздік қорын байыту;
• Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялық ерекшеліктері болуы занды құбылыс. Студент оқытушының сөйлеу ерекшеліктеріне дағдыланып алады да, басқа адам айтқан сөзді тусінбеуі мүмкін. Бүл қиындықты жеңудің жoлы - сабақта техникалық құралдарды жиі колдану керек

• Оқытушы әдетте сабақта өте баяу ырғақпен сөйлейді, мұндағы мақсат студенттер оның айтқан сөзін түсінсін дегендік. Студенттер осындай баяу сөзге дағдыланады да, дұрыс ырғақта сөйлеген сөзді түсінбейді. Міне бұл қиьшдықты сабақта тек техникалық құралды қолдану арқылы жеңуге болады;

• Оқытушы сабақта жаңа сөздермен таныстырғанда, айтқан сөзін студенттер түгел түсінсін деп бірнеше рет қайталап айтады. Студенттер осы қайталауға үйренеді. Шынайы коммуникацияда сөйлеуші айтқанын қайталамайды, сондықтан оқытушының мақсаты студенттердің тыңдаған мәтіннің мазмұнын бір рет тыңдағанда түсінуге үйрету. Ал кей жағдайларда студенттер мәтіннің мазмұнын бір рет тыңдағанда түсінбесе, оны екінші per тыңдатуға болады, бірақта бұл жолы оқытушы тыңдайтын мәтінге қосымша бір тапсырма беруіне болады. Мысалы, мәтінді екінші рет тыңдаңдар да, бұл оқиғаның басты кейіпкеріне, оқиға уақытына, оқиға өткен жеріне және т. б. назар аударыңдар деген сияқты тапсырмалар;

• Келесі бір қиындық мынада: егер тыңдаушы сөйлеушінің бет - әлпетін көріп, оның сөйлеу органдарының қимыл - козғалысын байқап отырса, онда ол өзі тындап отырған сөзді жеңіл түсінеді, бірақта мұндай жағдай үнемі бола бермеуі мүмкін (телефон аркылы сөйлесу, радиодан хабар тыңдау т. с. с.). Жоғарыда айтылған қиындыктарды жеңудің алғы шарты – оқытушының сабақта техникалық құралдарды кеңінен пайдалануы және тыңдау қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларды дүрыс ұйымдастыра алуы. Студенттердің қазақ тілі сабақтарында тыңдап түсіну қабілеттерін дамытуда төрт жаттығулар тобын ұсынуға болады.
Бірінші топ жаттығуларының мақсаты - мәтінді тындаудың алдында лингвистикалық және исихологиялық қиындықтарды алдын ала жою.

Екінші топ жаттығудын мақсаты - мәтінді тындауға арналған жаттығулар. Мұнда студенттер мәтінді тыңдап, оның тақырыбын, идеясын анықтап, берілген кестені сызбаны және т. б. толтыру, сұрақтарға берілген жауаптардың мәтін мазмұнына сәйкес келетінін анықтайды және т. б. Үшінші топ жаттығудың мақсаты - мәтін мазмұнын толық түсініп, студенттердің бойында төмендегідей іскерліктерді дамыту: интерпретация, комментарий және талдау жасай алу. Мысалы, тындаған мәтіннің такырыбын талдау, мәтін мазмұнын талдау, оқиғаны бағалау, басты кейіпкерді сипаттау, мәтінді коммуникация жағдайымен ұштастыра білу және т. б. Үшінші топ жаттығуларып орындау барысында студенттерге тірек сөздер, жоспар, суреттер, сызбалар және т. б. үсынуға болады. Төртінші топ жаттығудың мақсаты - студенттерді мәтін мазмұнының басты идеясына байланысты ойларын айтқызу, пікір - талас ұйымдастыру, дөңгелек үстел ұйымдастыру, сахналау, сценарий жазу және т. б. Енді тыңдауға арналған мәтіндерге қойылатын талаптарға тоқтала кетсек. Олар:
• тыңдауға арналған мәтіннің мазмұнының тәрбиелік мәні болуға тиіс және оның мазмұны студенттердің жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек;
• мәтіннің берік логикасы болуы шарт;
• мәтіннің мазмұнында тындаушылар үшін қызықты жаңа мәселе болуы керек;
• мәтін шыңдыққа негізделген, жасанды мәтін емес болуы тиіс. Жоғарыда айтылған ойларды қорытындылай келе, студенттердің тыңдап түсіну іскерліктерін қалыптастырып, дамыту кажет. Егерде студенттердің тыңдап түсіну іскерліктерін дамытпасақ, студенттерді қазақ тілінде сөйлей алуға да үйрете алмаймыз.


Скачать


zharar.kz