Абай атама!
Қазақта мәңгі айна бар –Абай деген,
Абайды білмейтұғын кім бар екен?
Халқы үшін өлең жазып өмір бойы,
Өмірдің шындылығын жырлап өткен!
Өмірде өшпес жарық,батпаған күн,
Өлмейді аты оның жапса да қараңғы түн.
Абайдың абыройы биік таудай
Абайсыз қазақта әдебиет те болмас мүмкін!
Өнеге ала аламын әрбір сөзін ,
Биікке бара аламын басып ізін.
Ойланып,толғанамын кейде өзім
Бір көріп қалғанда ғой қайран өзін!
Сөздері жүрегіңде шам жағады,
Есіңде мәңгілікке із қалады.
Қарным ашып,өзегім талмайды да
Өлеңін оқығанда жұлдызым бір жанады!
Абайдың өлеңдері небір маржан,
Тереңнен қазып,шыңнан теріп жазған.
Түсінген әрбір сөзді бағалайды,
Түсінбеске болады заттан арзан!
Ұрпаққа Абай болды түсіндірмек,
Өлең жазу болмайды тек қана ермек.
Білім іздеп,Оқу үшін жырлады ол
Білім керек,Өмірде білім керек!
Бүгінгі күн Абайды ел жырлайды,
Ертеңде Ұлы ақынды ұмытпайды.
Саны рет оқыса да өлеңдерін,
Қайталап оқығанға жұрт талмайды!