Батыр Баян поэмасының негізгі идеясы

Скачать

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,
С. Сейфуллин атындағы
№165 мектептің мұғалімі
Жанпейсов Қуаныш Сейтқұлұлы

Қазақ әдебиеті 8 сынып
Сабақ тақырыбы: Батыр Баян поэмасы
Жалпы мақсат: а) Білімділік: Батыр Баян поэмасын деңгейлік тапсырмалар арқылы мазмұны мен идеясын меңгерту;
ә) Дамытушылық: оқушылардың ой - қиялына ерік бере отырып, ой - өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу, өзге шығармалармен салыстыру;
б) Тәрбиелік: оқушыларға ақынның үздік туындысы Батыр Баян поэмасы арқылы мазмұнын талдата отырып, оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды жетілдіру, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу;
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі
Үлестірме материалдары
Оқу нәтижесі: Әр оқушының өзіндік ой - қиялына ерік бере отырып, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа тыңдату
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс - тәсілдер, оқытуда АКТ - ны пай - далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс - әрекеті:
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушылар назарына Көңілді күн видеоролигін ұсынылады.

Қызығушылықты ояту
Кім жылдам? тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

І Оқушы деңгейі.
1. Мағжан Жұмабаев кім?
2. Қандай өлеңдерін білесіңдер?
3. Батыр Баян поэмасының негізгі идеясы.
4. Батыр Баян поэмасының м азмұны
5. Батыр Баян поэмасындағы оқиға сені қандай іс - әрекетімен ойландырады?
6. Батыр Баян поэмасына сенің өз көзқарасың? (пікірлерін айту)

ІІ. Алгоритмдік саты
Кейіпкерлер жүйесіне талдау
Абылай - данагөй басшы, айбынды батыр, халық қамқоры, елінің тәуелсіздігін аңсаған хан.
Батыр Баян – Абылайдың сенімді серігі, батыр, өжет, ақылды, патриот, опасыз бауырын атып өлтіреді.
Қалмақ қызы – сұлу. қайсар, кекшіл, өжет, айлакер, туған жеріне, еліне адал.
Ноян – батыр, махаббатына адал, еліне, ағасына опасыз, көрсеқызар.

ІІІ. Эвристикалық саты
Композициялық құрылысы.
1. Кіріспе - экспозициясы – Көкшетаудың табиғаты
2. Оқиғаның байланысы – батырлардың бас қосуы
3. Шегініс – Батыр Баянның жорықтан қалмақ қызын алып келуі.
4. Оқиғаның дамуы – Ноянның қалмақ қызына ғашық болуы
5. Оқиғаның өрбуі - Қыздың айласы
6. Оқиғаның шиеленісуі - Қос ғашықтың елден қашуы
7. Оқиғаның шарықтау шегі – Батыр Баянның екеуін атып өлтіруі
8. Оқиғаның шешімі – Батыр Баянның ерлікпен қаза табуы
2. Венн диаграммасы - Мағжан Жұмабаев Батыр Баян поэмасы

Толық нұсқасын жүктеу


Скачать


zharar.kz