Үздік географ танымдық сайыс
Мақсаты:
1) Оқушылардың география пәніне деген қызығушылықтарын ояту арқылы, пәннің оқытылуы мен берілуін тереңдету, білімдерін тексере отырып нығайту.
2) Оқушылардың ойлау, есте сақтау, танымын, дағдыларын арттыру, зейінін кеңейту
3) Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке баулу, Отанын, елін сүюге тәрбиелеу.
Міндеті: оқушылардың білімдері мен біліктерін тексеру, алған білімдерін тереңдету
Көрнекілігі: жарты шарлардың физикалық картасы, глобус, кескін карталар, слайд
Барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Кім жылдам? ойыны
ІІІ. Ой толғаныс (жұмбақ шешу)
ІV. Полиглот
V. Тамаша тоғыздық
VI. Картамен жұмыс
VII. Қорытынды бөлім. Марапаттау
Тек сәттілік, қатысыңдар сайысқа
Мықты болсаң, қабырғаңмен қайыспа
Оқу керек, білім керек қашанда
Ол болмаса, сайыс деген сайыспа - дей отырып, сайысымызды бастаймыз.
Сайысты ұйымдастыру кезінде оқушыларды шақырамын және оларды сайыстың бағдарламасымен таныстырдым. Олай болса 1 кезең кім жылдам . Ойын шарты бойынша 10 сұрақ қойылады, әр дұрыс жауап 5 ұпайға тең. Бұл кезең жылдамдықты қажет етеді, сұраққа бірінші қол көтерген оқушы жауап береді.
І. Кім жылдам?
1. Экватордың ұзындығы. (40000 км)
2. Ауа қысымын өлшейтін аспап. ( барометр)
3. Жер сілкінуді зерттейтін ғылым? ( сейсмология)
4. Масштаб сөзі неміс тілінен аударғанда қандай мағына береді? (өлшеуіш таяқ)
5. Бағытын тәулік ішінде екі рет өзгертетін теңіздердің, көлдердің, ірі өзендер жағалауында соғатын желдер ( бриз)
6. Ауаның жер беті және ондағы заттарға түсіретін салмағы № (атмосфералық қысым)
7. Ауаның 78 пайызы неден тұрады? (азот)
8. Ауаның ең көбі шоғырланған, атмосфераның ең төменгі қабаты? (тропосфера)
9. Сыртқы күш әсерінен тау жыныстарының өзгеруі? (үгілу)
10. Алғашқы барометрді ойлап тапқан итальян физигі? (Порричели)
ІІ. Ой толғаныс. Жұмбақ шешу
1. Қаласы бар, үйі жоқ
Өзені бар, суы жоқ
Орманы бар, түбі жоқ
Бақшасы бар, гүлі жоқ
(карта)
2. Ешбір тіреусіз күмбез,
Ешбір сүйеусіз күмбез
Ешкім көтере алмайды
Ешкім төңкере алмайды
( аспан)
3. Жер бетінің кескінін
Түрлі – түспен көрсеткен
Болса да өзі құрметті
Тиіпті орын ең шеттен
(шартты белгі)
4. Жалғыз бағыт білері
Бұрғаныңа көнбейді
Жол көрсетіп береді
Өзі бірақ көрмейді
( тұсбағдар)
5. Бар ма жоқ па
Оны анық білмейміз
Ол жоқ жерде
Өмір сүріп жүрмейміз
(ауа)
6. Бір зат дүниеде құшағы кең
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең
Адамзат, жан – жануар арасында
Мәңгілік өсіп – өніп өмір сүрген.
III. Полиглот
Ықс----қыс---зима----Winter
Шаға—ағаш---дерево----Tree
Уат-----тау------гора------Mountain
Клө-----көл-----озеро-----Lake
Панса---аспан---небо----Sky
Нүк-----күн---солнце----Sun
Ус----су----вода----Water
Мұтхи---мұхит----океан---Ocean
Ңбыржа---жаңбыр---дождь---rain
Ерж---жер---земля---land
IV. Тамаша тоғыздық
1. Конденсация - Белгілі бір жағдайда су буларының сұйық күйге айналуы
2. Муссон – қыста құрлықтан теңізге, жазда теңізден құрлыққа қарай соғатын тұрақты жел
3. Климат – ауа райының белгілі бір жерге тән көп жылдық орташа жай – күйі
4. Бриз – теңіз жағалауынан соғатын, құрлық пен судың үстіндегі ауаның әртүрлі жылынуына байланысты бағытын тәулік ішінде 2 рет өзгертетін жел
5. Тау – жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, беткейлері өия болып келетін биік бөлігі
6. Магма – жердің терең қойнауында жоғары температура мен үлкен қысым жағдайында түзілетін, газға бай, балқыған отты қоймалжың зат
7. Желбағар – желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайтын құрал
8. Термометр – ауа температурасын өлшейтін құрал
V. Картамен жұмыс
Мына берілген географиялық нысандарды жарты шарлардың физикалық картасынан табыңдар.
Тегеран қаласы -
Дели қаласы -
Пекин қаласы –
Астана қаласы –
Қорытынды бөлім. Марапаттау
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Дарындылық пен тапқырлық
Жеткізеді сіздерді, география сырына , - дей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.