Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы Қара бұлт , Анама хат
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары: А. Байтұрсынов - тілші, әдебиетші, көркемсөз шебері, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері екенін таныту. Өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу, сатылай кешенді талдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Бағалау критерийі: Барлығы орындай алады: ақынның өмірі мен шығармашылығын біледі.
Көпшілігі орындай алады: ақын өлеңдерінің негізгі идеясын анықтайды.
Кейбірі орындай алады: стк талдайды, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Тілдік мақсаттар: Мысал, астарлау
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, тест,
Құндылықтарға баулу: мейірмділікке, адамгершілікке, ұлтжандылыққа баулу, ұлыларымызды үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: тарих
Тақырып бойынша алдыңғы білім: С. Торайғыров өмірі мен шығармашылығы
Қара бұлт өлеңін мәнерлеп оқу. Ой қорыту (пікіралысу)
— Қайырымдылық деген не?
Қазіргі заманда қайырымдылық керек пе немесе керек емес пе?
Түйін: Адам — өмірге қонақ. Мақсат — бүгінгі айтылған жаман қасиеттерден аулақ болып, қайырымды, адал өмір сүру.
Өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізеді.
Өлеңнің аты: Қара бұлт
Өлеңнің авторы: А. Байтұрсынов.
Жанр түрі: Өлең (мысал)
Негізгі идеясы: Адам бойындағы қайырымсыздық, мақтаншақтық қасиеттерді әшкерлеу.
Өлең құрылысы:
а) Буын саны – 11 ә) Бунақ саны – 3 в) Тармақ саны – 4 с) шумақ саны - 6
ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы
көркемдегіш құралдары: а) эпитет: қурап тұрған дала, шөлдеп тұрған егін, зор пайда
ә) Синоним: қурап, күйіп.
кейіптеу: Қара бұлт - қайырымсыз адам,
Тау - ақылды адам.
Анама хат өлеңі. Сөздікпен жұмыс.
Лаухұлмахбұз – діни ұғым бойынша адам тағдыры жазылатын тақта
Хақ тағалам - жаратушы алла
Жарам – уайым, қайғы
Харам - адал емес
Кермесіне – кедергі, қарсылық мағынасында
Топтық жұмыс. Топтық жұмыс орындалу барысында Мүбарак Салақовтың орындауындағы А. Байтұрсынұлының Анама хат әні аудиотаспадан жіберіледі.
І топ. Тапқырлар
1. Алғашқы бірінші шумағын мәнерлеп оқу.
2. Бір шумақты өлең құрылысына қарай талдау. (сатылай кешенді талдау, осы параққа талдау)
ІІ топ. Жазушылар
1. Екінші шумағын мәнерлеп оқу.
2. Өлеңде қара сөзге айналдырып жазады.
ІІІ топ. Өнерпаздар
Мектеп: Рудный қаласы №13 орта мектебі КММ
Мұғалімнің аты - жөні: Сабитова Г. Ж.
Ахмет Байтұрсынұлы Қара бұлт , Анама хат . жүктеу
Ахмет Байтұрсынұлы Анама хат слайд жүктеу