Еуразия даласындағы қола дәуірінің мәдениеті

Скачать

Солтүстік Қазақстан облысы,
Тайынша ауданы, Теңдік ауылы
КММ Теңдік орта мектебі Тарих пәні мұғалімі
Жапенова Гульмира Жикеновна

5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақ жеріндегі Қола дәуірі
Сабақтың мақсаты: Қола дәуірі, оның адамзат тарихындағы маңызы, қола дәуірінің мәдениет ескерткіштері, оның ерекшеліктері жөнінде түсіну.
Ұйымдастыру кезеңі: Тренинг Алғашқы адамдар (оқушылар дөңгеленіп тұрып, іс - қимылдарды бір - бірінен қайталайды)

Үңгірге кіреміз,
Топырлап жүреміз.
Тас қашап, от жағып,
Терімді тереміз.
Аң аулап, құс атып,
Ынтымақ пен бірлікте
Ортақ өмір сүреміз!
Топқа бөлу: Алтын асыл тас Тастарды таңдай отырып, сұрақтарға жауап беру.

 Алғашқы еңбек құралдар негізінен неден жасалды?
 Алғашқы адамдар еңбек құралын жасау үшін қандай тастарды таңдап алды?
 Тастарды қандай әдістермен өңдеді?
 Тастан жасалған қандай еңбек құралдарды білесіңдер?

Үй тапсырмасы: Тарихи диктант
............ – ең алғашқы адамдар тіршілік еткен дәуір. Тас дәуірі ғылым тілінде............... деп аталады. Тас дәуірі шамамен б. з. б.............. мыңжылдық арасын қамтиды. Қазақстан жерінде алғашқы адамдар бұдан
............ жыл бұрын пайда болған. Алғашқы адамдар тұрағы Оңтүстік Қазақстан облысындағы........ өзенінің жағалауынан табылды. Алғашқы адамдар өмір сүрген тұрақ............ көлінің жағасынан да табылды. Алғашқы адамдардың өмірі өте ауыр еді, олар............ өмір сүрді. Аң аулады,............ жинады,............. қазып жеді. Тапқандарын............. пайдаланды.
Бір баспанада тұрып, ұжымдаса еңбек етіп, барлығын ортақ пайдаланған туыстас адамдар ұжымы......... деп аталды. Руды тәжірибелі де беделді адам –........ басқарды. Үш - төрт туыстас ру бірігіп........... құрды.............. дегеніміз – туыстас, ынтымақтас бірнеше рулардың бірлестігі.
(Тас дәуірі, палеолит, б. з. б. 600 - 12 мыңжылдық, 1 миллиондай, Арыстанды, Балқаш, бірлесіп, жеміс, шөптің тамырын, ортақ, ру, рубасы, ру бірлестігін, тайпа)
Бағалау: Бағалау парағы
Слайдтағы суреттерді әңгімелеу.

Адамның жетілуінде еңбек шешуші рөл атқарды. Адам еңбек арқылы жетіліп, оның қолы, сөзі, миы дамыды.
1 - тапсырма: Топтық жұмыс. Постер жасау Андрон мәдениеті мен Беғазы - Дәндібай мәдениеті

Қорғау: Тыңдайтын үшбұрыштар
Бағалау: Бағалау парағы
2 - тапсырма: Жеке жұмыс. Көзе құмыра
 Қола дәуірінің басталуы.
 Қола дәуірінің ерекшеліктері
(І, ІІ, ІІІ)
 Қола дәуірінің адамзат тарихындағы маңызы.
Қорғау: А мен Б
 Бірінші оқушы берілген тапсырманы орындайды.
 Екінші оқушы бұл тапсырманы тексереді.
 Оқушылар бір - біріне кеңес береді.

Бағалау: Бағалау парағы
Сергіту сәті!: Белгісіз басшы әдісі
Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген оқушыға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қалғандары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген оқушы кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа оқушымен ауысады.
Сабақты бекіту: Кім жылдам?
• Қола дәуірі қай жылды қамтиды?
• Қола дәуіріндегі қоланың алыну қосындысы:
• Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі:
• Еуразия даласындағы қола дәуірінің мәдениеті:
• Орталық Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің ең соңғы кезең мәдениеті:
• Қола дәуірі қоныстарының көбінесе орналасқан жері:
• Қазақстан жеріндегі қола дәуірін жоспарлы зерттеген ғалым:
Кері байланыс: БББ кесте

Үй тапсырмасы:
 3 тест сұрақтарын құру.
 2 Жұқа және 2 қалың сұрақтар дайындау.
 Баяндама Марғұлан Әлкей Хақанұлы дарынды оқушымен жұмыс.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу


Скачать


zharar.kz