Оқушыларға жасушаның бөлінуі туралы түсінік беру

Скачать

Сабақтың тақырыбы Жасушаның бөлінуі

Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушыларға жасушаның бөлінуі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқулық мәтінімен, сызбанұсқалармен және кестелермен жұмыс істеу икемдігін дамыту
Тәрбиелілік: Табиғатты сүюге, оның берекелі тіршілігін құрметтеуге, тәрбиелеу.

Жаңа сабақ
Митоз төрт фазадан тұрады
Профаза
Метафаза
Анафаза
Телефаза

Ядроның мөлшері ұлғаяды, хромосомалар ширатылып жуандай бастайды. Қосарланған центриоль екі полюске тартылады. Хромосомалардың ширатылуына байланысты аРНҚ - ның синтезделуі тоқтайды. Полюстердің арасында бөліну ұршығының жіпшелері түзіледі. Хромосомалардың ширатылуы, жуандауы жалғасады. Ядро қабықшасы еріп, хромосомалар цитоплазмада ретсіз орналасады.
Метафаза
Хромосомалардың ширатылуы шегіне жетеді. Қысқарған хромосомалар экваторға жылжиды. Әрбір хромосома центормерасы арқылы байланысқан, екі хроматидан тұрады. Олар центромераларымен бөліну ұршығына жалғанады.
Анафаза
Әрбір хромосоманың центромерасы бөлінеді. Центромераларға бекінген ұршықтың жіпшелері хроматидаларды полюстерге тартады. Сөйтіп, анафазада хромосомалардың хроматидалары бір - бірінен ажырап, полюстерге жинақталады. Олар енді хромосомаларға айналады. Түзілген клеткалардың әрқайысында хромосомалардың диплодті жиынтығы болады
Телофаза
Полюстердегі хромосомалар тарқатылып, жіңішкереді, көзге айқын көрінбейді. Эндоплазмалық тордан ядро қабықшасы түзіледі. Жануарлар клеткаларында цитоплазма екіге бөлінеді. Өсімдіктер клеткаларында цитоплазманың ортасында жарғақша түзіліп, біртіндеп шетіне қарай жылжып, клетканы екіге бөледі. Содан кейін целлюлозалы клетка қабықшасы түзіледі.

1 - тапсырма
• Суретті қара. Митоз фазаларындағы оқиғалар ретінің дұрыстығын белгіле

2 - тапсырма
Митоз фазаларындағы оқиғаларды хронологиялық ретпен орналастыр.
1 хромосомалардың хроматидалары бір - бірінен ажырап, полюстерге жинақталады, 2 ядро қабықшасының еруі, 3 Центриольдердің жасушаның полюсіне тартылуы, 4 Ядрошықтың жойылуы, 5 Қысқарған хромосомалар экваторға жылжиды, 6 Хромосомалардың тарқатылуы, 7 Эндоплазмалық тордан ядро қабықшасы түзіледі. 8 центромераларымен бөліну ұршығына жалғанады, 9 Клеткалардың әрқайсысында хромосомалардың диплоидт і жиынтығы болады.
Қорытындылау


Скачать


zharar.kz