Бал мен жаңғақ қосып әзірленген торт
Қамырына:
Жұмыртқа - 3 бас
Шекер – 1, 5 стакан
Бал (мёд) - 150 грамм
Сары май (масло сливочное) - 150 грамм
Грек жаңғағы - 150 грамм
Ұн - 500 грамм
Шелпегін пісіру тәсілі:
Үлкен ыдысқа жұмыртқа, шекер, бал, сары майды салыңыз (сары май еріп тұруы қажет), жаңғақты да майдалап салыңыз, шетінен ұнды салып өте жұмсақ қамыр илеңіз. Дайын болған қамырды үш бөлікке бөліп пісіріңіз. Табаның ішіне арнайы торт пісіруге арналған қағазды төсеп, қоймалжыңның бір бөлігін салыңыз да қолыңызды сулап, тегістеп жайыңыз. Алдын ала 200 градус қызып тұрған пеште
10 минуттай пісіріңіз. Қалған екі бөлігіне де осылай пісіріңіз.
Крем:
Қаймақ (майлылығы 30%) - 800 грамм
Шекер - 400 грамм
Ванильді қант - 2 пакет
Кремді дайындау тәсілі:
Қаймақты тоңазытқыштан шығарып, миксермен өте жылдам араластырыңыз, ванильді қантты қосыңыз, шекерді аз-аздан қосып тұрып араластырыңыз. Крем көпіршіп дайын болғанша араластырыңыз.
Дайын болған шелпектің шетін керегінше кесіп, түзулеп алған соң, арасына кремді жағып, жинап шығамыз. Кесілген үгінділерді майдалап, сыртына, бетіне себеміз. Үгінділерге жаңғақты майдалап қосып себуге де болады.
Дайындаған: Асыл