Латын әріптерін көрсету

Скачать

Атырау қаласы, Томарлы селосы,
Қ. Смағұлов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Каримова Ақөрік Сафиоллақызы
Математика 3 сынып
Тақырыбы: Геометриялық фигураларды латын әріптерімен белгілеу
Мақсаты мен міндеттері: геометриялық фигураларды латын әріптерімен белгілеуді таныстыру, белгіленуі бойынша фигураларды оқу дағдыларын қалыптастыру, есептеу дағдыларын қалыптастыру, геометриялық фигураларды салуға жаттықтыру. Шапшаң есептеуге үйрету, есептердің шешуін табуға үйрету.
1. Білімділік: мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларды игеру.
2. Дамытушылық: оқушының ақыл - ойының математикалық стилін, логикалық ойын, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;
3. Тәрбиелік: меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан - жақты дайындауды жүзеге асыру, ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Көрнекіліктер: кесте, қималы карточкалар, геометриялық фигуралар, сызбанұсқалар, проектор, т. б.
Әдіс - тәсілдер:, көрнекілік, түсіндіру, сұрақ - жауап, жұптық, топтық, өзіндік жұмыстар, ойын, тірек схемалары арқылы оқыту әдістері.

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру: сәлемдесу, балаларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
1. Слайд. Әнұран: Менің Қазақстаным
Психологиялық ахуал орнату: Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.
Ал бүгінгі сабағымыздың ұраны:

Білгенімізді қайталаймыз,
Білмегенімізді үйренеміз!

Кіріспе сөз:- Ал балалар, алдымызда қандай мереке келе жатыр еді?
2 - слайд - 1 - желтоқсан Президент күні.
- Балалар, Президентіміздің тәуелсіздік алғалы қазақ елі үшін жасаған еңбегі ұшан теңіз көп. Қазақстан мемлекетін алға ұмтылдырып, дүние жүзіне танытты. Қазақстанда тұрып жатқан әрбір халық, әр ұлт өкілі жақсы өмір сүріп, білім алуына бар жағдайды жасап келеді.
Бүгінгі сабағымыз, бүгінгі жетістігіміз Президент күніне арналады.
(Проектордан елбасының сөзін оқыту)

II. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Сынып оқушыларын геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.
3 - слайд. III. Қалт етпей қағып ал, жауабын тез тауып ал!
10 - сұрақ????????????????????

1 - топ Зеректер
1. Бір шеті тұйықталған түзу (сәуле)
2. Азайтудың бірінші компоненті (азайғыш)
3Сегіз ондық(сексен)
4. 1 дециметрде неше сантиметр бар? (10 см)
5. 32 - ні 4 есе кеміт (8)
6. Біз қай елде туып өстік? (Қазақстан)
7. Барлық қабырғасы тең көпбұрышты не дейміз? (шаршы)
8. 63 пен17 - нің қосындысын4 - ке бөл (20)
9. Б. Майлиннің қандай әңгімесін оқыдық? (Күлпаш)
10. 100 - ден 50 - ді алып, 3 - ке көбейт.

2 - топ Ойшылдар
1. Екі шеті тұйықталған түзу (кесінді)
2. 1метр неше сантиметрге тең? (100)
3. қабырғасы 6см шаршының ауданын тап (S=6см*6см)
4. Қ. Р - ның президенті кім? (Н. Ә. Назарбаев)
5. Баяндауыш деген не?
6. Тірі табиғатқа нелер жатады? (адам, өсімдік, жануар)
7. 150 мен 50 - дің айырмасын2есе кеміт (50)
8. Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)
9. Белгісіз көбейткішті қалай табамыз?
10. 8 бен 9 - дың көбейтіндісіне 8 - ді қос (80)

3 - топ Алғырлар
1. Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешді? (30қаз)
2. Ағаш басында екі балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? (Балық ұшпайды)
3. 36 мен9 - дың бөліндісін 8 есе арттыр (32)
4. 4 жұмыртқа 4 минут піседі. 8 жұмыртқа неше минут піседі? (4мин)
5. Б. Майлин Күлпаш әңгімесінің басты кейіпкерлері кімдер? (Қали, Мақтым, Күлпаш)
6. Қосу амалының компоненттерін ата?
7. Бірдей сандардың бөліндісі неге тең?(1 - ге)
8. Санды 1 - ге көбейткенде не шығады?(сол санның өзі)
9. Өзара кері амалдарға нелер жатады? (қосу мен азайту, көбейту мен бөлу)
10. Президент күні қашан? (1 - желтоқсан)
4 - слайд.

IV. Қызығушылығын ояту.

1 - топ Зеректер
1. Екі басы тұйық,
Өзі түзу сызық.(кесінді)

2. Бір шеңберді бір шеңбер
Көтеріп тұр білсеңдер.(8)

2 - топ Ойшылдар
1. Бір үйде тұрады екен елу батыр, Үй сыртына сүйкенсе - ақ өліп жатыр.
2. Қос құлақты 100 тісті, жүзінен бірақ із түсті.

3 - топ Алғырлар
1. Егіз қайық бой бастары тең өскен, Іске дайын бұтақтары бес - бестен.
2. Екі ағайынды екеуі де бір үйде, Бірін - бірі көрмейді екен өмірде..

V. Жаңа мағынаны таныту:
- Оқушылар, біз бүгін не арқылы топқа бөліндік?
- Фигуралар арқылы топқа бөліндік.
- Иә өте жақсы.
- Қандай фигуралар арқылы?
- Геометриялық фигуралар арқылы.
- Сендер геометриялық фигуралардың қандай түрлерін білесіңдер?
- Үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, кесінді, сәуле, шеңбер, дөңгелек, нүкте т. б.
- Тамаша.
Олай болса сол геометриялық фигураларды бір - бірінен ажырату үшін
математикада латын әріптерін пайдаланады екен.
Олай болса, бүгінгі тақырып қалай аталады екен?
- Геометриялық фигураларды латын әріптерімен белгілеу

5 - слайд. Латын әріптерін көрсету.
Жазылуы, айтылуы, оқылуы.
А(а), В(бэ), С(цэ), Д(дэ), Е(е), К(ка), М(эм), N(эн). Р(пэ), Т(тэ), О(о), S(эс), Х (икс),
Ү(игрэк
Топпен жұмыс.
(Үш топ постер қорғай

VI. Оқулықпен жұмыс.
№1.(а) 1 - топ
(ә) 2 - топ
(б) 3 - топ

№2. А3 - ге орындату.
Үш топтан сұрау

№3 Жазуларды жалғастыру үш топқа бөліп беру

1 - топ ОК кесіндісін сыз
2 - топ ДС түзуін сыз
3 - топ ОКЕД төртбұрышын сыз (қорғайды )

- Сонымен бірдей фигураларды бір - бірінен ажырату үшін математикада оларды латынның бас әріптерімен белгілейді.
Оқылуы: егер ол кесінді болса, бірінші әріптен, егер ол көпбұрыш болса, сол жақтағы төменгі бұрыштан бастап оқу керек. мыс: А.. С кесіндісі
АЕДК төртбұрышы, АВС үшбұрышы т. с. с.
Ал егер ол сәуле болса, оны тұйықталған жағынан бастап оқу керек.
Ал төртбұрышты бастаған бұрышынан бастап оқу керек.

Ұжыммен жұмыс
VII слайд №4. Есеп оқылып ұжымды түрде (тақтада орындалады )

VIII слайд Сергіту сәті: Ойын приз беріледі.

1. Туристер2 адамнан 7 қайыққа отырды да жорыққа аттанды. Неше адам жорыққа аттанды?
2. Арбаға жегілген 2 ат 40 км жүгірді. Әрқайсысы неше километр жүгірді?
3. Сиырдың қауіпті мүшесі?

№5. Топпен жұмыс
1 - топ Зеректер ---------2 - топ Ойшылдар --------3 - топ Алғырлар
569 - 282+19= 396----------427+255 - 112= 570 ----------56: 8+9*9=88
720: 9 - 33=47----------------981 - 639+83=425 ------------35: 5 - 24: 4=1
640: 8+20=100---------------100: 2+7*7=9 -----------------40* 6 - 160=80

Өзіндік жұмыс №6 (Дауыстап оқыту)
Топтарға тесттік тапсырмалар берілуі арқылы қорытындылау:

1 - топ Зеректер
1. Спорт алаңына 32 ер бала және 8 қыз бала келді. Ер балалар саны қыз балаларға қарағанда неше есе артық?
а) 5 ә) 4 б) 6
2. Теңдеуді шеш: 5* а=45
а) 5 ә) 7 б) 9
3. Амалдарды орында: (40+24): 8
а) 7 ә) 8 б) 6
4. Салыстыр: 45: 5*9
а) ә) б) =

2 - топ Ойшылдар
1. Әр баланың 5асығы бар. Сонда 6 балада неше асық бар?
а) 20. ә) 30 б) 35.
2. Теңдеуді шеш: Х: 9=100
а) 90 ә) 900 б) 106
3. Амалдарды орында:(26+24): 5
а) 7 ә) 8 б) 10
4. Салыстыр: 40: 5*6
а) б) =

3 - топ Алғырлар
1Тік төртбұрыш пішіндес бөлменің ұзындығы 20 м. Ені 9м. Бөлменің ауданы қандай?
а) 190м ә) 180м. б) 100м.
2. Теңдеуді шеш; Х: 8=80
а) 640 ә) 64 б) 600
3. Амалдарды орында:(39+21): 10
а) 6 ә) 8 б) 60
4. Салыстыр: 8. 3*24 а) б)=
Бағалау: Бағдаршам әдісі Жасыл – 5
Қызыл - 3
Сары – 4

Қорытынды:
- Балалар, бүгінгі сабағымызды Елбасымыз Н. Әбішұлының құрметіне арнаған едік. Сабағымыздың қорытындысында еліміздің тыныштығы мәңгілік болсын, Қазақстан мемлекеті өрлей берсін.! Өсіп келе жатқан ұрпақтарымыз аман болып, болашақ білімді ұрпақтың қолында екенін ескере отырып, тәуелсіздігіміз жасай берсін!. Көк туымыз ғұмырлы болып, мәңгілік желбірей берсін! деген ниетпен елбасы күніне сыныбымыздың әншілері Көк тудың желбірегені әнін сыйға тартады.
Оқушылар туды желбіретеді.
Үйге тапсырма: №7 - тапсырма


Скачать


zharar.kz