І Сабақтың тақырыбы: §15. Азот оксидтері. §16. Азот қышқылы.
ІІ Сабақтың мақсаты: Оксидтердің жіктелуін, құрылысын, қасиеттері мен қолданылуын, байланыс типтері мен кристалдық торын еске түсіру. Азот қышқылының негіздік қасиеттері мен күшті тотықтырғыш ретінде металдармен әрекеттесуін оқып - үйрену.
Азоттың оттекті қосылыстары жөнінде білімдерін дамыту.
Дүниеге ғылыми - материалистік көзқарастарын тәрбиелеу.
ІІІ Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, тест жұмысы.
Көрнекілік: трект сызбалар, тапсырма қағаздары.
IV Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Амандасу;
- Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын білу;
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Аммиактың физикалық қасиеттерін сипаттап айтыңдар.
2. Лабораторияда аммиак алуды түсіндіріп, тиісті р. т. ж.
3. Аммиактың химиялық қасиеттерін реакция теңдеуін жазып түсіндіріңдер, түзілген өнімдердің атын атаңдар.
4. Аммиак газының суда ерігіштігін айтып беріңдер.
5. Аммоний - ионын NH4+ қалай ажыратуға болады?
6. Аммоний тұздарына мысалдар келтіріп, оның қандай ерекше қасиеті бар екенін айтып беріңдер.
7. Аммоний тұздарының қолданылуын айтып беріңдер.
Жұмыс дәптерінен 57, 58 - тапсырмалар, оқулықтан №5 - 6, 9 - 10 жаттығуларды орындау.
Азот оксидтері. Азот қышқылы. жүктеу