Сүйікті ойыншықтар

Скачать

Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Сүйікті ойыншықтар
Мақсаты: Сүйікті ойыншықтар туралы әңгімелеу
Білімділік: Сүйікті ойыншықтары туралы әңгіме құрауға үйрету. Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын білуге үйрету.
Дамытушылық: Балаларды сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Ойыншықтармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп, ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Түрлі ойыншықтар және ойыншықтардың суреті
Билингвалдық компонент: ойыншықтар - игрушки, доп - мяч, қуыршақ - кукла
Әдіс - тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Қолданылған технология: тәй - тәй , АКТ технологиясы
Кіріктірілген оқу іс - әрекеті: қоршаған орта, сурет, құрастыру.

Мотивиациялық
Қозғаушылық
Шаттық шеңбер
Балалар қонақтарға сәлем берейік.
- Армысың жарқыраған күн!
- Армысың Жер Ана!
- Армысың көгілдір аспан!
- Армысыз апайлар!
Балалар бүгінгі оқу қызметімізді бастамас бұрын, жылдың қай мезгілі екеніне тоқталып өтейік.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Ауа - райы қандай?
- Күз мезгілінде не жауады?
- Жапырақтың түсі қандай?
Ал балалар бүгін бізде сөйлеуді дамыту, ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы
Сүйікті ойыншықтар

Ұйымдастырушылық
Ізденісті
Сүйікті ойыншықтар
- Балалар мен сендерге бір өлең оқып берейін, сендер сол өлең не жайлы екенін айтып беріңдерші.
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар да тыңдайды.
Ақыл айтсақ бұйырсақ.
- Өлең не жайлы екен?
- Қандай ойыншықтар?
- Сендер ойыншықтарды жақсы көресіңдер ме?
Олай болса мен сендерге ойын - шықтардың қалай жасалатыны туралы айтып берейін.
- Ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
- Жұмсақ, қатты пластмассадан, матадан және ағаштан, резинадан жасалады.
Ғажайып сәт.
Есік қағылады, қонаққа сиқыршы келеді.
Қолында сиқырлы таяғы және қорапшасы бар.
- Сәлеметсіздер ме балалар!

Тәрбиеші: сіз кімсіз?
- мен сиқыршымын
- сенің қолыңдағы не?
- сиқырлы сандық.
- онда не бар?
- не бар екенін өздерің шешіп көріңдер, ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Жұмбақ
Аяғы бар жүрмейді,
Аузы бар күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді.
- Жарайсыңдар балалар!
- олай болса көздеріңді жұмыңдар?
- сиқыршы: алақай, алақай!
Суф, суф
- енді көзімізді ашайық.

Сүйікті ойыншықтар. жүктеу


Скачать


zharar.kz