Қарағанды облысы, Балқаш қаласы,
Н. К. Крупская атындағы жалпы білім беретін №4 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Касымова Айнур Нурбековна
3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Спорт. Тәуелдік жалғау.
Сабақтың мақсаты: Спорт, Қазақстанның спортшылары туралы түсініктерін кеңейту, сын тұрғысынан ойлану, өзін – өзі бағалау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың міндеті: Спорт, спортшылар туралы өз ойларын жеткізу, диалогтік әңгіме арқылы өз ой – пікірін еркін жеткізуді, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, олимпиада ойындарын таныта отырып, ұлттық мақтаныш сезімдерін ояту, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дене шынықтыру
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер , Сыни тұрғыдан ойлау , АКТ , Оқудағы басқару және көшбасшылық , Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау , Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу .
Стратегиялық іс – әрекеттер: Миға шабуыл , топтық жұмыс, Детальдарды қосу , Жұптас - ойлан - бөліс , Ментальді карта Конверт , Басбармақ , Бағдаршам , Ыстық орындық , Бүгінгі күннің сөйлемі , рефлексия, өзін – өзі, бірін – бірі бағалауы.
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушылармен амандасу. Кезекші сөзі
Психологиялық ахуал
Шеңбер құрып, дені сау болу үшін қандай ережелерді орындау керек деген сұрақ қоя тұрып, ережелерді айтқызу.
Топқа бөлу
Эмблема бойынша 3 топқа бөлу
Үйтапсырмасын тексеремін (Жұптас - Ойлан - Бөліс) стратегиясы арқылы
Диалог жатқа сұрау
Детальдарды қосу VEST технологиясы сөздік жұмысын тексеру Сенімді тірек әдісі
Қызығушылықты ояту.
Тұсаукесер.
Миға шабуыл стратегиясын қолданып, түрткі сұрақтар қою:
- слайдтан нені көрдік, сабақ басында топқа не арқылы бөліндік?
- Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? (Спорт)
- Спорт дегенді қалай түсінесіңдер? Деген сұраққа ментальді карта жасату.