Ластаушы зат

Скачать

Дүниетану пәнінен құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар
1 - тапсырма: Осы мәтінмен таныса отырып, табиғаттағы су айналымының нобайын сыз.
Су – ғажайып зат. Олай деуіміздің бірнеше себебі бар. Су үш түрлі күйінде кездеседі: мұз, су және бу.
Су - табиғатта ең көп таралған зат. Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр. Қалған үштен бір бөлігі ғана құрлық.
Судың тағы бір кереметі ол жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі.
Күн сәулесі қызыуынан мұхит, теңіз, көл, өзен, суы буланып, ауа қабатына барады. Топырақтан, өсімдіктерден, жануарлардан да су бу күйінде бөлініп, ауа қабатына көтеріледі.
Көзге көрінбейтін су буы ауаның салқын қабатына көтерілгенде қоюланып, бұлт түзеді. Бұлт ауаның ағысымен, қозғалысқа түседі. Ол жауын-шашынға айналып, құрлыққа қайта оралады. Бірақ ұзақ тұрақтамайды. Күн қыздырғанда қайтадан ауаға ұшып шығады.
Жауын-шашынның бір бөлігі топыраққа сіңеді. Онда өсімдік қорегіне айналып, құрлықты жасыл жамылғысына орайды. Жайқалып шөптер, бұйраланып, бұталар, бой түзеп ағаштар өседі.

2 - тапсырма: Ыстық және ылғалды күні ауада бу тамшылары көп. Егерде ауа суып кетсе, ауаның бу тамшыларымен не болады?

3 - тапсырма: Адам суды өз қажетіне, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы үшін пайдаланады. Тәуілігіне 700 литрге дейін таза суды тұтынады. Пайдаланылған су шайынды суға айналады. Ол - ластанған су.
Суға құйылатын ластаушы заттар көп. Соларды кестеге жаз.

Ластаушы зат.

4 - тапсырма: Су толтырылған жабық бөтелке түнде мұздатқышта қалдырылды. Таңертең қарағанда, бөтелкенің жарылғаны байқалды.
Су қатқанда неге бөтелке жарылды?


Скачать


zharar.kz