Сайыс сабақтың тақырыбы

Скачать

Сайыс сабақтың тақырыбы: Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын
Мақсаты: - ата - бабамыздың ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән бергенін қыз балаларға ұғындыру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
- тақырыпты дәлелді оймен аша білуіне, нақты сөйлеуге баулу.
- әдемілікке, өнерге, ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу өнері, күнделікті өмірмен байланыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: таблица, үлгілер, ыдыс - аяқтар, тақта ұпай сандары жазылған қағаздар.
Көрнекіліктер: нақыл сөздер:
Біліміңді шында,
Ынта болса адамда.
Қиын іс ғаламда,
Өнерімді ел көрсін,
Игерем халық мұрасын.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар!
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын
Тамашаға шақырамыз, Шебер , Іскер топтары.
Сайыс 10 бөлімнен тұрады.

Сайыс бөлімі:
1. Сәлемдесу (киім, эмблема).
2. Кім жылдам? (картоп тазалау, түйме қадау).
3. Құрақ құрау да өнер .
4. Ас – адамның арқауы (қыздар салат түрлерін жасайды).
5. Сөз қумақ - танымдық ойын.
6. Мақал – сөздің мәйегі (мақал - мәтел сайысы).
7. Эстафета Кім тез? (оюды сызып, қиып жабыстыру).
8. Ағаш көркі – жапырақ, Адам көркі – шүберек (сән үлгілерін көрсету).
9. Музыка сайысы.
10. Көрме қол өнері – ой өнері .

- Көрсетіп өздерінің өнерлерін,
Табындырып өнерге көрерменін.
Таныстырып енді олар көпшілікке,
Сайысқа қатысушы өрендерін.
Әр топтың аты, әні, эмблемасы шығады.

Жүргізуші:
Сайысымыздың 2 - бөлімі Кім жылдам? деп аталады.
Әр топтан екі оқушы шығады. Бір қыз картоп тазалайды, екінші қыз түйме қадайды. Картоптың қабығы жұқа, әрі үзілмеген болса өте жақсы. Түйме мата сәйкестігіне, ине, жіп түйілгені ескеру керек.

Жүргізуші:
Келесі сайысымыз Құрақ құрау да өнер . Мұнда тез арада суреттер қарап, қағаздан қиылған үлгілер бойынша құрақ құрау.

- Табылар бойларыңнан келер білім,
Арқалап келіп өнер жүгін.
Бүгінгі дәмді тағам салаттардан,
Көреміз сайыскерлер шеберлігін.
Ас – адамның арқауы .
Ендігі сайысымыз логикалық танымдық ойын – Сөз қумақ деп аталады.

Сұрақтар:
1. Қамырға ашытқы қосқанда қандай процесс жүреді? (ашу процессі)
2. Матаның ұзына бойғы орналасқан жібі (негізгі).
3. Матада жіптердің айқасуы арқылы жасалатын процесс (ине шаншым).
4. Борщтың негізгі құрамында болатын көкөніс (қырыққабат, қызылша).

Мақал – сөздің мәйегі , мақал - мәтел сайысы.
1 - топ.
Тағам туралы мақалдар.
2 - топ. Еңбек, өнер туралы мақалдар.

Жүргізуші:
Эстафета ойыны Кім тез?
- Ою - өрнекке қарасаң,
Өңкей мүйіз тігілген.
Қайсысын қаласаң,
Қиып ал сызған ізімнен.
Қию оңай демеңдер,
Оған да өнер ой керек.
Бос мақтанып жүрмеңдер,
Қиюға пысық қол керек.
(Үлгі және нұсқау картасы бойынша оюларды ойып жапсыру, уақытқа байланысты).

Жүргізуші:
Ағаш көркі – жапырақ,
Адам көркі – шүберек - дегендей, енді әр топ сән үлгілерін көрсетеді.
Енді Шебер , Іскер топтары өздерінің музыкалық сәлемдемелерін көрермендерге ұсынады.
Көрме Қол өнері – ой өнері қыздар өздерінің қолдарымен жасаған әр түрлі бұйымдарды көрсетіп, қорғайды.

Осымен бүгінгі Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын атты сайысымыз өз мәресіне жетті, ал қазір кімнің ұпай көп екенін білу үшін әділ қазылар алқасына сөз кезегін береміз. Жеңімпаз топқа марапаттау рәсімі жасалады.


Скачать


zharar.kz