Мәтінді меңгерту

Скачать

Сабақ тақырыбы: Ш. Айтматов: Атадан қалған тұяқ
Мақсаты: 1. Мәтінді меңгерту. Идеясын ашу. Мәтінмен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру. Жаңа сөздерді меңгерту. Ұлы Отан соғысы жайында ұғым қалыптастыру. 2. Ойлау және шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Топтық жұмыс арқылы тапсырмаларды бірлесе шешуге, топтық ережені сақтауға, өзінің және өзгенің пікірімен санасуға үйрету.
Күтілетін нәтиже: Топпен жұмыс жасай білуге үйренеді. Өз ойын еркін жеткізе біледі. Шығармашылық қабілеті дамиды. Мәтінмен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады.
Оқыту технологиясы: Ақпараттық технология, СТО
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Мультимедиалық проектор, компьютер, постерлер, маркер, ана тілі 4 сынып оқулығы.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, кубизм стратегиясы, топтавстыру, қарама - қарсы элементтер стратегиясы, мәтінге жоспар құру, 5 минуттық эссе.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ жоспары:
Амандасу арқылы сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру
1, 2, 3, 4 деп санау арқылы топқа бөліну
Әлия, Мәншүк, Т. Тоқтаров, М. Ғабдуллин слайдтарын көрсете отырып, оқушыларды сөйлету
Әр топ алдына тапсырма беру.
1 - топ: Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?
2 - топ: Соғыс кезінде ҚР қандай мемлекет құрамында болды?
3 - топ: Ұлы Отан соғысының батырлары кімдер?
4 - топ: Соғыс кезінде қандай қалалар жау қоршауында болды?

Сабақ тақырыбымен таныстыру.
Ш. Айтматов: Атадан қалған тұяқ
Ш. Айтматов туралы оқушылардың дайындап келген материалын тыңдау
Мәтінді бөлімдерге бөліп, әр топқа береді
Әр оқушыға сұрақтар беріп, жауап алу:
- Әкесін кинодан көргенде Әуелбек неше жаста болатын?
- Шешесі Жиһангүл қайда, кім болып жұмыс жасайды?
- Қашардағыларға не келді?
- Кино не туралы?
Кино Әуелбекке қалай әсер етті?
- Киноны көрген Әуелбектің жағдайын әңгімеле
- Адамдар Әуелбекті қалай қабылдады?
- Әңгімедегі автордың айтайын деген негізгі ойы қандай?

Ақтау қаласы,
№9 жалпы білім беру орта мектебі КММ
бастауыш сынып мұғалімі: Тлеубаева Гулзия

Ш. Айтматов: Атадан қалған тұяқ. жүктеу


Скачать


zharar.kz