Қазақ балалар әдебиетінен тест тапсырмалары
I нұсқа
1. Қазақтың музыкалық - поэтикалық фольклорындағы тұрмыс - салт әндерінің халық
арасына кең тараған бір түрі, екі түрлі міндет атқартын: сәбиді жұбату және ата - ананың тілегін білдіру. Балалар фольклорының қай жанры?
А) Тұсау кесу жыры
В) Бақташылық жыры
С) Ұлыс жыры
Д) Үйлену жыры
Е) Бесік жыры
2.”Мен бір тілек тілейін,
Ай мүйізді шақпақтай,
Шүйделері тоқпақтай,
Тегене құйрық қошқарлы,
Малды берсең қойды бер”. Балалар фольклорының қай түрі?
А) Діни - әдет ғұрыптар туралы жыр
В) Үйлену жырлары
С) Бақташылық жырлары
Д) Ұлыс жырлары
Е) Бөбек жырлары
3. Түйінді ойды білдіретін, тура мағынасына орай астарлы мағына да бере алатын
ықшамды нақыл сөз, тікелей мағынасы нақтылы өмір жағдайынан туған байлам,
қорытынды - түйін болатын халық поэзиясының жанрлық түрі.
А) Мәтел
В) Жаңылтпаш
С) Шешендік сөз
Д) Жұмбақ
Е) Мақал
4. Көбіне айтылатын ойдың ұшығы, тұспалы ғана болатын, нақышты сөйлемше түрінде келетін халық поэзиясының ықшамды нақыл сөз үлгісінде келетін жанрлық түрі, кестелі сөз.
А) Мәтел
В) Жаңылтпаш
С) Бата сөз
Д) Шешендік сөз
Е) Мақал
7. Екі түрлі міндет атқарған: ойын - сауыққа жиналған жұртты күлдіру мен баланың тілін ұстартып, әр сөзін асқан шапшаңдықпен айтуға үйрететін қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры.
А) Мақал - мәтел
В) Қызықтама
С) Жаңылтпаш
Д) Жұмбақ
Е) Санамақ
8. Ауыз әдебиетіндегі бала тәрбиесіне арналған халықтық педагогиканың өмір
тәжірибесінен алынған шығармалар жиынтығы, балалардың психологиясына, жас
ерекшелігіне қарай қалыптасып, ізгілікке тәрбиелейтін жанр
А) Эпикалық проза жанры
В) Тұрмыс - салт жырлары
С) Фольклордың қара сөзбен айтылатын түрі
Д) Батырлық жырлар
Е) Қазақ балалар фольклоры
9. Бұқара халықты патша өкметіне, оның жергілікті өкілдері хан - сұлтандарға қарсы
ұйымдасқан түрде қарулы көтеріліске шақырған қазақ ақыны.
А) М. Өтемісұлы
В) Ш. Уәлиханов
С) А. Құнанбаев
Д) С. Көбеев
Е) С. Дөнентаев
10. Қазақ халқының бірінші ұлы педагогы, балалар әдебиетінің негізін салушы.
А) Шоқан Уәлиханов
В) Сәбит Мұқанов
С) Қасым Қайсенов
Д) Ыбырай Алтынсарин
Е) Мұзафар Әлімбаев
11.”Өнер - білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды,
Айшылық алыс жерлерден
Жылдам хабар алғызда” Бұл үзінді Ы. Алтынсаринның қай өлеңінен алынған?
А)”Әй, достарым!
В)”Өнер - білім бар жұрттар”
С)”Кел, балалар, оқылық”
Д)”Әй, жігіттер”
Е)”Ананың сүюі”
12.”Қыпшақ Сейітқұл” әңгімесінің мұраты.
А) Адамгершілікті бағалау
В) Жалқаулықты сынау
С) Еңбекке үндеу
Д) Әдептілікке баулу
Е) Отырықшы халықтың хал - ахуалын дәріптеу
13.”Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге” Өлеңнің авторы мен атын көрсетіңіз.
А) А. Құнанбаев.”Ғылым таппай мақтанба”
В) Ы. Алтынсарин”Кел, балалар, оқылық”
С) А. Құнанбаев”Интернатта оқып жүр”
Д) Ш. Құдайбердиев”Сен ғылымға”
Е) Ы. Алтынсарин”Әй, достарым”
14. И. А. Крыловтың 44 мысал өлеңін аударып, “Үлгілі тәржіме” деген атпен бастырып шығарған қаламгер.
А) С. Көбеев
В) С. Торайғырв
С) Ы. Алтынсарин
Д) С. Дөнентаев
Е) А. Құнанбаев
15. Қазақ әдебиетінің мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға лайықты жазылған бір саласы.
А) Балалар әдебиеті
В) Әдебиет сыны
С) Әдебиет теориясы
Д) Әдебиет тарихы
Е) Лиро - эпикалық жанр
16.”Құйрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Жаудан жылқы айырып,
Жігіт болар ма екенсің?” Балаларға арналған өлеңдердің қай түрі?
А) Өтірік өлең
В) Санамақ
С) Тұсау кесу
Д) Ұлыс жыры
Е) Бесік жыры немесе бөбек жыры
17. Көбіне жеңіл сюжетке құрылған шағын шығармалар, хайуанаттар жайындағы
жазылған әңгіме, ойын түріне құрылған өлеңдер балалар әдебиетінің қай кезеңіне
жатады?
А) Жоғары сынып оқушыларына арналған әдебиет
В) Бастауыш сынып оқушыларына арналған әдебиет
С) Мектепке дейінгі балалар әдебиеті
Д) Тоғыз жылдық мектеп оқушыларына арналған әдебиет
Е) Балалар ауыз әдебиеті
18.”Қара бүркіт томағасын түсірді,
Оны мен томағаламағанда,
Кім томағалайды” Балалар фольклорының қай жанрына жатады?
А) Мақал
В) Мәтел
С) Жаңылтпаш
Д) Санамақ
Е) Бесік жыры
19. Қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, қара қылды қақ жарған әділеттіліктің, тапқыр
даналықтың, мейір - шапағаттың, қарапайымдылықтың халық жадындағы балама
бейнесі, қазақ халқының ертегісі, аңыз әңгмесінің кейіпкері.
А) Аяз би
В) Мадан хан
С) Жиренше
Д) Баба түкті шашты Әзіз
Е) Қарашаш
20. С. Көбеевтің “Үлгілі бала” кітабы қай жылы жарық көрді?
А) 1910
В) 1915
С) 1912
Д) 1914
Е) 1909
Қазақ балалар әдебиетінен тест тапсырмалары
II нұсқа
1. “Қазақ балалар әдебиеті” оқулығының авторы кім?
А) С. Қирабаев
В) Қ. Жұмалиев
С) Ш. Ахметов
Д) С. Сейфуллин
Е) М. Дулатов
2. Балалар үшін алғаш жазылған оқулық..
А)”Әдеп”
В)”Ақыл”
С)”Үлгілі тәржіме”
Д)”Қырғыз хрестоматиясы”
Е)”Үлгілі бала”
3. М. Әуезовтің балаларға арналған туындысы.
А)”Кінәмшіл бойжеткен”
В)”Қыр суреттері”
С)”Қаралы сұлу”
Д)”Үйлену”
Е)”Жетім”
4. Балалар ауыз әдебиетіне жататын шығармаларды көрсет.
А) Повесть, роман
В) Бесік жыры, хайуанаттар айтысы, еретгілер, жұмбақтар
С) Әңгіме, поэма
Д) Толғау
Е) Арнау
2. Төрт түлік жайындағы өлеңді көрсет.
А)”Бақа”
В)”Бір қазан сүт”
С)”Тұсау кесу”
Д)”Маң, маң басқан, маң басқан”
Е) Санамақ
12. “Асауын бөлтіріктің ұстап алып,
Астыма бес қап бидай теңдеп кеттім”. Бұл жолдар қай жанрдан алынған?
А) Жұмбақ
В) Мақал
С) Жаңылтпаш
Д) Ертегі
Е) Өтірік өлең
6. Ертегілер неше түрге бөлінеді?
А) 2
В) 3
С) 5
Д) 7
Е) 4
7. “Өмір үнемі қозғалыста болады. Бір орнында тұрған зат болмайды: от тауы, мұз тауы...” Бұл қай ертегіге тән?
А) Тұрмыс - салт
В) Хайуанаттар
С) Күлдіргі
Д) Шыншыл
Е) Қиял - ғажайып
8. Балалар ауыз әдебиетін жинап бастыру қай кезеңнен басталады?
А) XIXғ. II жартысы
В) XVIIIғ.
С) XX ғ. I жартысы
Д) XIXғ. I жартысы
Е) XVIIIғ I Iжартысы
9. “Екі өркешін қом басқан,
Тілін тікен теспеген,
Алабота, теріскен
Мұрындығы келіскен”. Бұл өлең қалай аталады?
А)”Маң, маң басқан, маң басқан”
В)”Түйе, түйе, түйелер”
С)”Бұл не?”
Д)”Малдың баласын сүюі”
Е)”Қасқырдың қойшыларға айтқаны”
10. “Қара сиырым қарап тұр, қызыл сиырым жалап тұр”. Қай жанрға жатады?
А) Жұмбақ
В) Мақал
С) Мәтел
Д) Өтірік өлең
Е) Жаңылтпаш
11. Орыс тілінен аударма жасаған, балалар әдебиетінің дамуына үлес қосқан, бала оқытқан кім?
А) Ы. Алтынсарин
В) А. Құнанбаев
С) Ш. Мұртаза
Д) І. Есенберлин
Е) Ш. Ахметов
12. “Қамаштан көріп қалашты,
Қалашқа Жарас таласты”. Қай жанрға жатады?
А) Жаңылтпаш
В) Жұмбақ
С) Өтірік өлең
Д) Мақал
Е) Мәтел
13.. Заман болмысынан, тарихи жағдайдан туып, адамның үй - ішілік салты, мұң - мүддесі айтылатын ертегінің түрі.
А) Қиял - ғажайып
В) Хайуанаттар
С) Күлдіргі
Д) Тұрмыс - салт
Е)”Боз інген”
14. “Я тілмаш, я адвокт
Болсам” деген бәрінде ой,
Көңілінде жоқ санасы.” Абайдың қай өлеңі?
А)”Жасымда ғылым бар деп ескермедім”
В)”Ғылым таппай мақтанба”
С)”Интернатта оқып жүр”
Д)”Сабырсыз, арсыз, еріншек”
Е)”Әсемпаз болма әрнеге”
15. Балалардың ертегілерден сырттап, күрделі мәселелерді қозғайтын шығармаларды оқи бастайтын кезеңі.
А) Мектепеке дейінгі балалар
В) Жоғары сынып оқушылары
С) Тоғыз жылдық мектеп оқушылары
Д) Бастауыш сынып оқушылары
Е) Балдырғандар
16.. Балалар ауыз әдебиетіндегі бөбектерді жыл мезгілдерімен, өзін қоршаған ортамен таныстырудың мақсаты.
А) Жәндіктер тіршілігін таныту
В) Ізсіз, түзсіз адыр - адырды кезіп жүріп, елдің қай қоныста отырғанын, жоғалған малды із
кесіп жүріп тауып алуға баулу
С) Баланың ақыл - ойын дамыту
Д) Мал шаруашылығымен таныстыру
Е) Тілін жаттықтыру
17.. С. Көбеевтің “Үлгілі тәржіме “кітабы қашан жарық көрді?
А) 1909
В) 1912
С) 1910
Д) 1926
Е) 1919
18. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, Шығыс ұлына хат жазған жазушы кім?
А) Қ. Қайсенов
В) Б. Бұлқышев
С) М. Габдуллин
Д) Ж. Жабаев
Е) С. Бакбергенов
19.. “Мүйізі айдай иілген,
Мұрнын көкке шүйірге.
Керілген желін сала емшек
Сауғанда жаның сүйінген.” Қай өлеңнен алынған?
А)”Қасқырдың қойшыларға айтқаны”
В)”Түйе, түйе, түйелер
С) Малдың баласын сүюі”
Д)”Бөбектің тілегі”
Е)”Бұл не
20. А. Алтынсаринның шығармасын көрсет.
А)”Шәркей”
В)”Байшұбар”
С)”Жетісу суреттері”
Д)”Бандыны қуған Хамит”
Е)”Бақша ағаштары”