Қияр мен йогурт араластырылған салат
Қияр - 300 грамм
Тұз – жарты шай қасық
Йогурт – 250 мл
Сарымсақ (чеснок) – 2 түйір
Жалбыз (мята) – 1 - 2 тал
Көк пияз – 5 тал
Қызыл бұрыш (ұнтақ) – 1 шымшым
Қара бұрыш – жарты шай қасық
Қиярды төрт бұрышты етіп турау керек, көк пияз бен жалбызды да майдалап турау қажет.
Иогурт үстіне тұз, қара бұрыш, қызыл бұрыш салады, сарымсақты майдалап турап салады. Дайын болған соусты қиярдың үстіне құйып араластырады. Оңай әрі жеңіл салат түрі дайын.
Асыңыз дәмді болсын!
Дайындаған: Жадыра