Үнді биі, орындайтын

Скачать

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№9 Балауса балабақшасының тәрбиешісі
Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы

Мектепалды даярлық тобы
Тақырыбы: Әрқашан күн сөнбесін
Құрметті ата-аналар, апайлар және біздің ересектер тобының бүлдіршіндері!

Сіздерді 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтаймын. Сіздерге: - зор денсаулық, отбастарыңызға бірлік, береке тілеймін. Бүгінгі Әрқашан күн сөнбесін атты ертеңгілігімізді ашып беру үшін балабақша меңгерушісі Ұ.Әшірбековаға сөз береміз.
Балалар, қараңдаршы өздерің құлпырып кетіпсіңдер. Барлық жер құлпырып кетіпті, өйткені бүгінгі мереке 1 мамыр көктем мерекесі.

Мамыр жастық мерекесі, мамыр достық мерекесі
Шалқыған берекесі, мамыр еңбек мерекесі.
Қаулайды жапырақтар, жайнайды ажырап бар
Көрікті кең өлкесі, мамыр көктем мерекесі.
Хор: Әрқашан күн сөнбесін.

Тахмина: Көк көйлегін киді жер
Шешіп ақ қар ішігін
Емірене сүйді жел
Тал – теректің бүршігін.

Ж. Мерей: Алақай – ау балалар,
Қандай жақсы көктемгі ай
Гүлге оранды кең дала
Келді ауылға көк торғай.

Динара: Бәйшешектен білеміз
Көктем келіп қалғанын
Мәз боламыз, күлеміз
Көрсек гүлін жарғанын.

Нұрсәуле: Қараторғай келіпті
Үйшік жасап берейін
Алғашқы гүл көрікті
Бәйшешекті терейін.

Бейбарыс: Алғаш рет күркіреп
Ағыл – тегіл жауса күн
Қырға шығар дүркіреп
Көктем басы жауқазын.

Дильназ: Көктемде көңілді
Құстар келіп жатқанда
Құлпыртып өңірді
Гүл ектік ауылға.

Расул: Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір – бірден
Анамызға сыйлаймыз.

Гүлсая: Біз гүлдерше өсеміз
Жапырағы жайқалған
Сабақтары салалы
Желге ырғалып жайқалған.

Ақнұр: О, Алланың әмірі!
Тағы келді мамырым
Жақсылықтан нәр алған
Мамырымның тамыры.

Аяжан: Сәуір ептеп ығысып
Шыға келді күн ысып
Сыбырлайды жапырақ
Бір – бірімен ұғысып.

Дамир: Гүлге толы кең жазық
Күйге толы жота құм
Жан тербеген жел нәзік
Осы менің Отаным!

Еңлік: Жасыл көктем шағындай
Өмірімнің асқары
Көңілдердің асқары
Біздің ауыл аспаны.

Қ. Мерей: Алтын шашқан сияқты
Жер бетіне нұр таңым
Бар адамға шуақты
Осы менің Отаным!

Мағауия: Гүлге толып кең дала
Жұпар шашып көктемде
Тербеледі жәй ғана
Самал өбіп өткенде

Нұрдәулет: Көк шалғынды кешеміз
Қолымызға гүл ұстап,
Туған жерде өсеміз
Таза ауамен тыныстап.

Ернұр: Көктемде көңілді
Бақта да. бау да,
Ақ гүлдер өрілді
Біз еккен ауылда.

1. Ән: Біз өмірдің гүліміз. Орындайтындар:
2. Қазақ биі: Қамажай Орындайтын: Зейнелбай Аяжан.
3. Ақ көгершін әні.
4. Үнді биі, орындайтын: Қожахмет Тахмина.
5. Грузин биі, орындайтындар: Өмірбек - Бейбарыс, Шүкірәлі - Ақнұр, Мергенбай - Расул, Бейбіт - Нұрсәуле
6. Орыс биі, орындайтындар: Сәндібек Гүлсая
Сейітислам Дильназ
Жылқайдар Мерей
Қыстау Мерей.
7. Хор: Бақытты балалық шақ.
Осымен 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды, көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
Бата беру: Ақ жаулықты әжелерден бата тілеу.


Скачать


zharar.kz