Әліппе досымыз

Скачать

Қош бол, сүйікті Әліппем (1 сынып)
Мақсаты:
1. Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу.
2. Ата - аналарға баланың 4 айда қандай білім игергенін іс - жүзінде көрсету.
3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға ана - тілін сүйіп қастерлеуге тәбиелеу.
Көрнекілігі:
Әліппе, саған мың алғыс! сөзі жазылған плакат, шарлар, нақыл сөздер.
Барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Бүгінгі қуанышты күн – Әліппемен қоштасу мерекесі құтты болсын. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы - Әліппемен қоштасу . Білім жолдағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді. Енді қазір осы жарты жыл ішінде оқып үйренген білімдерін тамашалаңыздар. Сонымен Қош бол, сүйікті Әліппем! ертеңгілігін бастауға рұхсат етіңіздер!

Сұрақ жауап
Балалар, біз осы уақыт аралығында не үйрендік?
Оқуды, жазуды, ән айтуды, ертегі айту.
Қандай ертегі білеміз?

Мақта қыз бен мысық ертегісі
Ерте - ерте – ертеде Мақта қыз бен мысық өмір сүріпі. Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді.
Мақта қыз:
Келмесең келме! деп мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң.
Мысық келіп:
- Неге шақырдың? - деп сұрайды.
Мақта қыз айтпайды:
Сонаң соң Мысық:
- Ендеше қатығыңды төгемін! - дейді.
Мақта қыз:
- Мен құйрығыңды кесіп аламын! - дейді.
Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.
Мысық:
- Апа, апа құйрығымды берші - дейді
Мақта қыз:
- Менің қатығымды төле! – дейді.
Балалар біз мысықтың қатық табуына көмектесіп жіберейік. Мысықпен бірге тапсырмалар орындайық.

1. Сиырдың тапсырмасын орындаймыз.
Сиыр - сиыр, маған қатық берші , – дейді, сиыр айтады: Менің қарным ашып тұр, маған жапырақ әкеліп бер , – дейді. - Жапырақты қайдан табам? - Маған тақпақтар айтып берсең, жауабын өзің ақ білесің..... 1 - оқушы: Елдос
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
2 - оқушы: Олжас
Хош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар!
Әліппемен қоштасу тойымызға.
3 - оқушы: Нұрым
Армысыздар, аналар!
Бармысыздар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңдар,
Бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр әніміз!
4 – оқушы. Ибрахимжан: Таныстырар әріппен
Мынау кітап - әліппең
Әліппе деген аты оның
Басталған қай әріптен.
5 – оқушы. Гүлвира:
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол, менің сүйікті әліппем
6 - оқушы Шахар Сенің арқаң оқи жаза білгенім
Сауатты адам қатарына кіргенім Әліппе әні хор
Мұғалім: Өсті міне бойларың
Өсті ақыл – ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың.
Сұрақ:
Біз кітап пен журналдарды оқи алатын болдық. Бұл білімді бізге не үйретті?
Хормен: Әліппе досымыз!
Мұғалім: Иә ендеше сүйікті әліппемізді ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе, Әліппе, Әліппе.
Әліппе: Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата - ана!
Болашаққа жол ашар,
Әліппе келді ортаға.
Білім деген ғалымның,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік не білдік,
Қане, ортаға салайық!

Қызылорда облысы, Арал ауданы
№62 мектеп - лицейдің бастауыш сынып мұғалімі:
Ерғазиева Әсия Амангелдіқызы


Скачать


zharar.kz