Ақтөбе облысы, Темір ауданы,
№4 орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Тампилова Жайнагүл
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдарды қолдану есептерін шығару
Сабақтың мақсаты: Ондық бөлшектерді бөлу амалы бойынша білімдерін пысықтау, жүйелеу
Міндеттері: Берілген тақырып бойынша білім, білік дағдыларын толық жетілдіру, білім алушылардың ой - өрісін кеңейтіп, көру және есту қабілеттерін, танымдық қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін дамытып, есепті талдап қорытынды шығара білуге дағдыландыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып математикалық сауаттылыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке және өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың өткізу формалары: жеке, жұптық, топтық.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, жартылай ізденушілік, бірін - бірі тексеру, деңгейлік оқыту.
Техникалық құралдар: компьютер, интерактивті тақта.
Қолданылған көрнекіліктер мен сабақ технологиясы: слайдтар, кеспе қағаздар, жетондар, АКТ, саралап оқыту. Оқу - әдістемелік құралы: Т. А. Алдамұратова, Е. С. Байшоланов. Математика .
5 класс. Жалпы білім беретін мектептің 5 - сыныбына арналған оқулық. Алматы Атамұра 2015ж
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын қайталау. Үлкен шеңбер
3. Графикалық диктант
4. Жұптық жұмыс. Қатесін тап .
5. Сергіту сәті.
6. Ұжымдық жұмыс. Блиц - тест
7. Логикалық сұрақтар.
8. Оқулықпен жұмыс
9. Үйге: Деңгейлік тапсырма
10. Қазақстаным , Наурыз , Мектебім тақырыптарына бала қиялдарымен суреттер салып әңгімелеп, презентация қорғау.
11. Қорытынды
12. Бағалау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Басымызды төмен түсіреміз
- Көз алдарыңа не елестеттіңдер?
- Бүгінгі сабақта мен қалай жауап берем деген ойдасыңдар?
- Басымызды шамалы көтереміз
- Апай бізге қандай тапсырма береді екен деген ойдасыңдар?
- Басымызды жоғары көтереміз
- Менде бәрі жақсы. Бүгінгі сабақта өз білімімді жоғары деңгейде көрсете аламын деген үміттесіңдер. Сондықтан мен бүгінгі сабақта бәріңе жетістіктер тілеймін.
2. Үлкен шеңбер жасаймыз да Қарлы кесек ойынын ойнаймыз. Бір - бірімізге өтілген сабақтардан қайталау сұрақтарын қойып жауап береміз
3. Графикалық диктант. иә не жоқ деп жауап береміз.
1. Ондық бөлшектерді қосып және азайтқанда бүтін бөлігі бүтін бөліктің астына жазылады
2. 10, 100, 1000 разряд бірліктеріне көбейткенде үтірді солға жылжыту керек.
3. Санды оған жақынырақ натурал санмен немесе нөлмен алмастыруды осы санды бүтінге дейін дөңгелектеу деп атайды.
4. Ондық бөлшекті 10 - ға бөлгенде үтір оңға жылжытылады.
5. Бөлу арқылы берілген жай бөлшекке тең ондық бөлшек алынады.
6. Берілген ондық бөлшекті 1 санына көбейтсек өзі шығады.
7. Алымы мен бөлімі тең бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.
4 Жұппен жұмыс.
Қатесін тап :
А) 34+26=6
Б) 61 - 4, 3=567
В) 28*10=28
Г) 219: 100=0, 219.
5. Сергіту сәті. Есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Төртбұрыштың бір бұрышын кескенде неше бұрыш пайда болады?
6. Ұжымдық жұмыс Блиц - тест .
Тест жұмысы.
1. Қосуды орында: 9, 07+3, 23
А. 12, 3 Б. 123 В. 1, 23 Г. 41, 37
2. Теңдеуді шешіңдер: х - 12=3, 07
А. 13 Б. 8, 3 В. 125 Г. 15, 07
3. Көбейтуді орындаңдар: 3, 75*1, 2
А. 13 Б. 8, 3 В. 4, 5 Г. 4, 05
4. Амалды орындаңдар: 46, 75: 25*3, 8 - 0, 106
А. 13 Б. 7 В. 7, 5 Г. 7, 1
7. Логикалық сұрақтар
1. Барлық цифрлардың көбейтіндісі нешеге тең?
2. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр болады?
3. 4 пен 5 - тің арасына қандай таңба қойсақ, 4 - тен артық, 5 - тен кем сан шығады?
4. 1 таяқшаның екі ұшы бар, ал үш таяқшаның 6 ұшы бар. Төрт жарым таяқшаның неше ұшы бар?
5. Үстел төртбұрышты. Оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрышы қалады?
8. Оқулықпен жұмыс: №1072 есеп
9. Үйге: Деңгейлік тапсырма
1 - деңгей. Өрнектің мәнін табыңдар: ( 31, 2 - 27, 64 ) * 2, 05+0, 702
2 - деңгей. Теңдеуді шешіңдер: у+0, 792 = 8, 7*2, 16
3 - деңгей. Тіктөртбұрыштың ауданы 44, 8 квадрат см. Ені 4 см. Периметрін табыңдар.
10. Қазақстаным , Наурыз , Мектебім тақырыптарына бала қиялымен суреттер салып, әңгімелеп, презентация қорғау.
11. Қорытынды
12. Кері байланыс.