Көтерілістің жетекшілеріне сипаттама

Скачать

Ашық сабақ жоспары
Қазақстан тарихы 11 - сынып
Тақырыбы: Қазақстандағы ұлт – азаттық қозғалыстар.
Мақсаты:
Білімділік: XVIII - XIX ғ. екінші жартысындағы Ұлт азаттық күресте ел үшін жанын пида еткен қайраткерлердің ерлік істерін паш ету.
Дамытушылық: Оқушылардың ой қозғау, есте сақтау, ойлау қабілетін дамытып, топтық жұмыс арқылы ізденіс және шығармашылық қабілетін ашу.

Тәрбиелік: Оқушыларды пікірін дұрыс жеткізуге үйрету және де патриотылыққа, бірлікке, мәдениеттілікке, ержандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ОСКТ технологиясы бойынша интерактивті тақтамен жұмыс, топпен жұмыс, хронологиямен жұмыс, картамен жұмыс, сызбамен жұмыс.
Құрал - жабдықтар: Карта, интерактивті тақта, тірек - сызбалар, суреттер. Сабақтың барысы: Үй тапсырмасын тексеру
(Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі)
Хронологиямен жұмыс :

Жаңа сабақ
Сабақтың жоспары:
 Суреттер сөйлейді...
Көтерілістің жетекшілеріне сипаттама.
 Сандар сөйлейді...
Көтерілістің алғышарты, сипаты мен себептері, қозғаушы күштері және мақсаты.
 Шарықтау...
Көтерілістің басты оқиғалары.
 Құлдырау...
Көтерілістің жеңілу себептері.
 Қорытынды...
Сиқырлы таяқша.
Еске түсіп, езіліп отыр ішім,
Тарих қойны қанмен жас өкінішім.
Таулар шөгіп, батырлар шейіт болған,
Тәуелсіздік таңына жету үшін, - дегендей, Атырау мен Алтай Арқа аралығында халқымыздың басына түскен қасіреттерді ешкім жоққа шығара алмайды. Әсіресе XVIII - XIX ғ - ғы. тәуелсіздік үшін күрескен Сырым, Кенесары, Исатай, Махамбет, Жанқожа, Есет батырлар өмірін, өнеге істерін, қаһарман ерліктерін жас ұрпаққа паш ету қазіргі күннің талабы.
Суреттер сөйлейді
№1 слайд
Көтеріліс басшыларына сипаттама беріңдер
№ 2 слайд
Көтеріліс басшыларына жеке - жеке тоқталып айтыңдар
№3 слайд
Махамбет пен Исатайдың достығы жайлы айтыңдар?

Тарих пәнінің мұғалімі: Уалихан Ә. У.
Қазақстандағы ұлт – азаттық қозғалыстар. жүктеу


Скачать


zharar.kz