Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылы
"Жауқазын" мектепке дейінгі бөбекжайы МКҚК тәрбиешісі
Сапашева Гулжанат Нұрланқызы
Тақырыбы: Күз сыйы
Залдың іші күз мезгіліне қарай безендірілген. Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата - аналар, бүлдіршіндер. Күз қандай керемет мезгіл! Қазан толып, еңбегінің жемісін көріп, адамзаттың нағыз той тойлар шағы емес пе?
- Иә, пішен шабылып, астық орылып, мал жайлаудан түскеннен соң, шаруаның реттелгеніне қуанған халқымыз күзде сабан той жасап жатпаушы ма еді? Сол ізгі дәстүр біздің балабақшамызда жалғасуда. Олай болса Балапан тобының Күз сыйы деп аталатын ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілді
Ай жапырақ - сары алтын
Айналаның бәрі алтын
Жүргізуші: - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі
Күз мезгілінде неше ай бар?
- Қыркүйек, Қазан, Қараша
Дұрыс айтасыңдар, балалар. Қазір соның қараша айы.
Күз мезгілінде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
Күзде күн салқындап, кейде жаңбыр жауып, жел соғады, құстар жылы жаққа ұшып, адамдар жылы киіне бастайды. Жапырақтар сарғайып жерге түседі.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Олай болса бәріміз бірге күз туралы тақпағымызды айтып жіберейік.
Дәнге толып қызыл қырман,
Қырман басы қызыл думан
Мөлдіретіп жүзімдерін,
Келді алтын күзім менің
Молшылық күз - береке күз
Береке күз мерекеміз.
Жүргізуші: Өте жақсы, балалар.
Ал, енді әнге кезек берейік.
Ән: Қошақан ( Ән орындалады)
Жүргізуші: Ал, енді тақпақтарға кезек береміз.
Еркеназ:
Армысыздар, халайық
Бармысыздар, халайық
Күзгі тойды жұп жазбай
Келіңдер қарсы алайық.
Ерназ:
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз.
Мансур:
Жайдарлы күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз
Дәнге толы ен дала,
Дариядай шалқар күз.
Гүлназым:
Сау - сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді
Қоңыр тартып атырап,
Көкте құстар тізілді.
Халилулла:
Ақтарады мырза күз,
Уылжыған жемісін
Күзге бізде ризамыз.
Аянбаған ел үшін.
Әділет:
Алтын, сары, қызыл. Көк
Алуан - алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.