Қазақ халқының қалыптасуы тақырыбы бойынша оқушылардан тізбектей сұрау

Скачать

5-сынып (сабақ презентация түрінде)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ атауының шығуын, қазақ хандығының құрылуы оның дамуы, қазақ жүздерінің пайда болуы жайлы түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушыларды тарихи фактілерді, оқиғаларды оқып үйренуге, шапшаңдыққа, дайын киноларды көру арқылы қорытынды жасай алу арқылы ойлау қабілетін дамыту, алған білімін нақтылай алуға үйрету;
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын, елін - жерін қорғауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті әдіс, сұрақ - жауап, проблемалық,
Көрнекілігі: карта, суреттер, сызба - нұсқалар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезең
- оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
- оқушылар назарын сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылардан үйге берілген 27. Қазақ халқының қалыптасуы тақырыбы бойынша оқушылардан тізбектей сұрау.

ІІІ. Оқушы білімін жан - жақты тексеру
1. Термин сөздермен жұмыс
Этнос – өз тілі, қалыптасқан мәдениеті, өзіндік ұлттық мінез – құлқы бар және тұрақты бір аймақта өмір сүретін халықты, ұлтты атаймыз.
Этноним - ру, тайпа, ел, халық, ұлт аттары.
2 Ой толғау
Оқушылардың қолына бір сөзден беріледі, оқушылар әрі қарай сол сөзді түсіндіріп кету керек.
ХУ - ХУІ ғасырлар – қазақ халқы жеке халық болып, өз ұлттық аумағын қалыптастырды.
Энеолит дәуірі – қазақ халқының тарихы басталды, осы кезде қазақтың аңыз ертегілерінде тас дәуірінің оқиғалары, әдет - ғұрыптары кездеседі.
Қола дәуірі - қазақ халқының мәдени негізі, антропологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуы
Қазақ халқын қалыптасуына әсер еткен тайпалар?
Кімнің күмбезі? Ол жайлы не білесің?


Скачать


zharar.kz