Сабақтың тақырыбы: Шертер аспабын жасау технологиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды шертер аспабын жасау технологиясының әдісімен таныстырып, бұйым жасап үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, іскерлікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы шертер жасау технологиясымен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірме, практикалық
Сабаққа қолданылатын стратегиялық әдістер: Интерактивті әдістер, СТО технологиясының әдіс - тәсілдері
Көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, видео ролик, сызба, сурет.
Құралдары: ара, қашау, егеу, зімпара т. б.
Пайдаланған әдебиет: Технология 8, 9 сынып оқулықтары Оқыту үрдісіндегі танымдық және шығармашылық әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалану Е. Дүйсенов, А. Балғожаев Қызылорда 2006ж
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Сынып тазалығын тексеру.
3. Оқушы назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Қылқобыз жасау технологиясы (оқушы өзі жасаған бұйымын таныстыру)
Жеке оқушымен жұмыс (зерттеу жұмысы)
III. Үй тапсырмасын бекіту
Суретпен жұмыс (сұрақ жауап арқылы оқушылардың өткен тақырыпты қалай меңгергенін анықтау).
1 Қобыздың қанша түрі бар? (Тоғыздан астам)
2 Қобыз неше бөліктен тұрады? (10)
3 ХІХ ғасырдың соңында Жетісу өңірінен табылған қобыз? (Нар қобыз)
4 Қылқобызға анықтама бер? (Қазақтың шанағын тізеге сүйеп, ысқымен тартылатын екі шекті өте көне саз аспабы)
5 Домбыра, қобыздың кәде сыйлық түрінің басы мен түбі ағаш діңінен бірігіп ойылатын бұйымның биіктігі қанша мм шамасында? (140 - 150мм)
6 Жіңішке имек ағаштан, екі ішегі аздап есіліп өңделген жылқының құйрық қылының бірнеше талшықтарынан жасалатын аспап? (Ысқыш)
Қылқобыздың нақтылы өлшемі туралы кесте толтыру.
1 Қылқобыздың жалпы ұзындығы 670 мм
2 Шанағының диаметрі 60 мм
3 Мойнының ұзындығы 220 мм
4 Қобыз түбінің ұзындығы 200 мм
5 Қобыз алақанының ұзындығы 90 мм
6 Шанақтың жалпы жалпақтығы 180 мм
IV. Жаңа сабақ.
Шертер аспабын жасау технологиясы
Шертер – қазақ халқының үш ішекті көне музыкалық аспабы. Оның мойны қысқа, шанағы қақпақсыз ашық, жылқы қылынан жасалған ішектер тағылған ежелгі нұсқасын өнер зерттеушісі Б. Сарыбаев поляктың белгілі саяхатшысы Б. Залесскийдің 1865 жылы Парижде бастырылған альбомынан тапқан.