Менің дәптерлерім Сабақтың мақсаты

Скачать

Павлодар қаласы,
№ 26 жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Абылхаирова Ғалима Темірболатқызы

2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің дәптерлерім
Сабақтың мақсаты: Өтілген материалмен байланыстыра отырып, сабақтағы жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдануды үйрену.
Жетістік критерийлер: Флипчартқа постер жасай алады. Жұппен, топпен жұмыс істей алады.
Негізгі дерек көздер: оқулық қазақ тілі. 2сынып, А. Қайырбекова
Интербелсенді тақта, түрлі түсті маркерлер, А3 қағазы, бағалау парақтары.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Шаттық шеңбері Ыстық орындық әдісі Стикердегі диалог

Мұғалімнің іс - әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу, түгендеу.

2. Кәмпиттер арқылы топтарға бөлу.

Кіріспе бөлімі.
Қызығушылықты ояту.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Ыстық орындық әдісі арқылы сөздікті тексеру.

• Білу
Жаңа сөздер
Жазу – писать
Қалың дәптер – общая тетрадь
Түрлі - разные

Мағынаны тану
• Түсіну
АКТ арқылы сөзжұмбақ шешу.
1. д о п
2. ә д е м і
3. п а р т а
е т і к
с е н
а р а
1. мяч
2. красивый
3. парта
4. сапоги
5. ты
6. пчела

- Сөзжұмбақта қандай сөз жасырынып тұр?
- Бүгін не туралы айтамыз?
- Дәптерлердің қандай түрлері бар? Білесіңдер ме?

• Қолдану
3 - жаттығу 138 бет, Өлеңді мәнерлеп оқу.
4 - жаттығу. Бос нүктенің орнына тиісті сөз қойып, көшіріп жаз:
Асан........ жазды. Алина қызық........... оқыды. Наташада әдемі түрлі түсті.......... бар. Әйгерім сурет сабағына........... әкелді. Игорь............. пен сызды.
Керек сөздер: сызғыш, қарындаштар, сурет дәптер, дәптерге, кітап

Сергіту сәті
Моноблок немесе интербелсенді тақта

• Талдау
Менде…… бар. (дәптер)
Дәптерлер ……….. болады (түрлі - түсті)
Айша ……….. қалың дәптер сатып (дүкеннен)

• Жинақтау
Әр оқушыға стикерлер таратылады.
Кейбіріне сұрақтар жазылып тұрады, кейбірінде жауаптар.


Скачать


zharar.kz