Қазақ елі - асқан батырлығымен, ақыл парасаттылығымен Египед еліне билік жүргізген Бейбарыстың елі

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың жері, қазақтың елі

Мақсаты: Тәуелсіздіктің бізге оңай келмегенін, тәуелсіздікке жетер жолда қанша боздақтардың қиылған жаны мен төгілген қанын айта отырып, өз елін, өз жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ (қазақ тілі, әдебиеті, музыка)
Көрнекілігі: слайд – презентация Қазақтың жері, қазақтың елі .
Сабағымыз байқау түрінде өтетіндіктер Әділ қазылар алқасымен таныса отырыңыздар!

1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін сіздердің назарларыңызға Қазақтың жері, қазақтың елі атты тәрбиелік іс – шарамызды ұсынамыз. Тәуелсіздігіміздің тойы құтты болсын!
слайд - Н. Назарбаев, Қазақстанның картасы

2 - жүргізуші: Қазақ елі - сонау Алтайдан Атырауға шейін билік еткен Едігенің елі. Қазақ елі - асқан батырлығымен, ақыл парасаттылығымен Египед еліне билік жүргізген Бейбарыстың елі. Ендеше осындай тамаша жерді, батыр елді неге мақтана жырламасқа.
1 - жүргізуші: ендеше алғашқы әншімізді ортаға шақырайық! Қарсы алыңыздар _________________________________________
1 - жүргізуші: Бүгінгі Тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Ата – бабамыз өз жерін, Отанын, халқын қорғаймын деп талай тарихи оқиғаларды бастарынан кешірді. Еш жау жеңе алмаған, рухы биік, арманы асқақ қазақ елі туралы әнмен келесі сайыскеріміз _________________________________________________________ ортаға шақырамыз.
2 - жүргізуші: Бұл далада халқым 300 жыл бостандық пен еркіндік жолында соғысты. Солардың ішінде жалпы халықтық сипат алып, бүкіл қазақ даласын шарпыған қасіреттің ең ірісі 200 жылға созылған Жоңғар басқыншыларымен жүргізген шайқасы еді.

Слайд Тәуелсіздік шежіресі (Хандар, батырлар суреті)

Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел жұртынан айрылған жаман екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.
Мына заман қай заман, бағы заман,
Баяғыдай болар ма тағы заман.
Қарындас пен қара орман қалғаннан соң
Көздің жасын көл ғылып ағызамын.
Қан да, көздің жасы да сорықпады,
Күңіреңітті көлдердің борықтары.
Азан - қазан, Ақтабан - шұбырынды,
Ала топан жоңғардың жорықтары.


Скачать


zharar.kz