Информатика пәні мұғалімі: Ильясова Эльмира Амангелдіқызы
Информатика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техникасының даму тарихы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Есептеу техникасының даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен толығырақ таныстыру, ЭЕМ - нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, шапшаңдыққа үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: оқулық, компьютер, жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Сабақты бекіту.
5. Үйге тапсырма беру.
Үй тапсырмасы бойынша Практикалық жұмыс
• 1. Жұмыс үстелінен win rar бағдарламасының лақабын табыңыз.
• 2. Жұмыс үстелінен вирусқа қарсы бағдарламасының лақабын табыңыз.
• 3. Жұмыс үстелінен мұрағатталатын қалтаны табыңыз.
• 4. win rar терезесінен мұрағат әзірленетін батырманы табыңыз
• 5. Касперский вирусқа қарсы программалар терезесінен нысандарды тексеруді бастау батырмасын табыңыз
Өткен материалды қайталау сұрақтары:
1. Ақпарат дегеніміз не?.
2. Антивирустық программа дегеніміз не? Ол неге қарсы арналған? (не үшін керек?)
3. Вирус дегеніміз не?
4. Ақпаратты компьютерлік вирустардан қорғау шараларын атап шығындар.
5. Ақпаратты сығу дегеніміз не?
Жаңа сабақ: Есептеуіш техниканың даму тарихы
Есептеуіш техника дамымай тұрып адамдар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды.
♦ Есепшоттың пайда болуы деректерге қарағанда Қытай немесе Египетте 2000 - 5000 жылдар шамасында болған.
♦ Есепшот Ресей де 16 - 17 ғасырларда пайда болған.
♦ 17 ғасырдың аяғында шотландиялық Джон Непер логарифм түсінігін енгізді, логарифм кестесін құрды.
♦ 1761 ж. Ағылшын Д. Робертсон логарифм сызғышын жасады. Мұндай идеяны
Исаак Ньютон ұсынған.
♦ 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасады.
♦ 1694 ж неміс математигі Лейбиниц Паскаль механикалық есептеу машинасын арифмометрі құрды. Есептеуіш техниканың даму XIX ғасырдан қарқындап дами бастады.
♦ 1833 жылы алғашқы есептеуіш автоматттың авторы Чарлз Бәббидж аналитикалық машинаның жобасын жасады. Оны қазіргі кезде компьютердің атасы деп атайды.
♦ Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэйббидж машинасына бағдарлама жасаушы Ада Лавлейс бірінші бағдарламалаушы деп аталынған.
♦ XIX ғасырдың соңында американдық Герман Холлериат есепші - перфарациялық машинасын құрды. Холлериат 7 жыл бойы пайдаланылды.
Холлериат есепші - перфорациялык маишнаны жасайтын фирманың негізін қалады. ІВМ фирмасына айналды.
♦ 1944 американ математигі Говард Айкен Горвард Марк - 1 автоматты есептеуіш машинасын құрды.
Электронды есептеуіш машиналар.
♦ Бірінші электрондық машина 1946 жылы Пенсильван университетінде ЕNIАС деп аталды, 1949 жылы EDSАС машинасы құрастырылды.
ЭЕМ буындары:
Бірінші буында - бірінші электрондық машина ЕNIАС, EDSАС машиналары болды. 1940 - 1955 жылдар.
Екінші буынға - 1955 жылдан бастап, жартылай өткізгіштер транзисторлар пайда бола бастады. Онда бағдарламалық тілдер: Фортран, Алгол, Кобол қолдана бастады.
Үшінші буынға - интегралдық негізде құрылған ЭЕМ - дер.
Қазіргі кезегі компьютерлер төртінші буынға жатады.
Бесінші буындағы компьютерлер әлі шыққан жоқ.
Казіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ - ді жасау ісі қолға алынуда. Бұл машиналар кәдімгі адам сөйлейтін тілге жуық тілді түсінетін, яғни "жасанды интеллект" ЭЕМ - дері болуы керек. Бұл идея толығымен іске асқанда, ЭЕМ - ге кәдімгі сөзбен мәселені түсіндіріп айтасыңдар, ал компьютер өзі бағдарламаны құрып, мәселені (есепті) шешетін болады.
Сабақты бекіту сұрақтары:
• Бірінші электронды - есептеуіш машина қалай аталған? Ол қай жылы жасалды?.
• "Марк - 1" машинасы қандай элементтерден жасалды?
• Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?
• ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір - бірінен айырмашылығы неде?
• Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?
Үйге тапсырма: Есептеуіш техниканың даму тарихы тақырыбын оқу, реферат жазу
Слайдын жүктеу