Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Тамақтану мәдениеті. Септеулік шылаулар
Сабақтың мақсаты: Септеулік шылауларды пайдалана отырып, сөз байлықтарын молайту.
Сабақтың міндеті: жаңа сөздермен танысу; септеулік шылауларды қолдана білуді үйрету; ауызекі сөйлеу тілін дамыту; ізгілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер , Талантты және дарынды балаларды оқыту , Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету , Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу , Оқыту мен оқуда АКТ - ды пайдалану , ОүБ және ОБ , Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер .
Стратегиялық іс - әрекеттер: Миға шабуыл , жұптық, топтық жұмыс, Кубизм , Ментальді карта.
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
Оқушыларды ортаға шақырып, Жылы лебіз тренингін өткізу, шағын топтарға бөлу.
Миға шабуыл стратегиясын қолданып, түрткі сұрақ қою:
- Мәдениет деген не?
- Тамақтану мәдениеті дегенді қалай түсінесің?
- шылаудың түрлерін атаңыз?
- Тақырып бойынша не білеміз?
Меңгерілетін жаңа сөздерді сөздік дәптерге жаздыру.
Глоссарий тамақ - пища, еда
маңызды – важный, значительный,
жұту – глотать,
асқазан - желудок
қуат, күш – сила,
пайдалы - полезный
уақытында - своевременно
ас қорыту - пищеварение
әбден шайнау - прожевывать
сіңеді - усваевается
1 - тапсырма Мәтінді оқып, аудару. Сұрақтар дайындау. Ментальды картаны пайдаланып, септеулік шылауды қолдана отырып, жұптық сұхбат жасау.
2 - тапсырма Көп нүктенің орнына септеулік шылауларды жазып, оларға сұрақ қою.
Сергіту сәтін жүзеге асыру.
Кубизм стратегиясы арқылы жаңа сабақты бекіту.
- Қазақ халқында қандай мақал бар?
- Адамның ауырмауы неге байланысты?
- Дұрыс тамақтану не үшін маңызды?
- Күніне неше мезгіл тамақтану керек?
- Қандай жағдайда тамақ адамның бойына жақсы сіңеді?
Бүгінгі күннің сөйлемі стратегиясын қолдану
Оқушыларды әр тапсырмадан кейін смайликтер арқылы бағалау
Ережені жаттау, диалог құрастыру