Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім
Сабақтың мақсаты: Зат есімнің түрлерімен таныстыру. Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім, түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім деп атайтындығы туралы түсінік беру. Оқушылардың ақыл - ойын, тіл байлығын, сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды ана тілін сүюге, құрметтеуге және әдептілікке, ұқыптылыққа, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: Хабарлау, сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, талдау, практикалық.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: ереже, суреттер.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Көркем жазу минуты.
Қолға қалам алайық,
Салақтықтан қашайық.
Дәптерімізді ашайық,
Көркем етіп жазайық.
______________________________________
Оқулықпен жұмыс. 1 – жаттығу
Бас бармағым, бақташы бол,
Қырағы көз, сақ малшы бол.
Сұқ саусағым, сауыншы бол,
Өнеріңе табынсын ел.
Ортан қолым, бақташы бол.
Күллі орманға қорғаныш бол.
Аты жоғым, аспазшы бол,
Өз қолыңнан дәм татсын ел
Шынашағым, балықшы бол,
Жемісіңді мақтасын ел.
2 – жаттығу.
Қырман, дана су, бала, балық, дала
қой –шы
қала - лық
4 – жаттығу.
Сиыршы, жыршы, егінші, әмірші, сылақшы, әділші.
Сиыршы өрістен сиырларды айдап келді. Бүгін жыршылардың жарысы өтті. Көктемде егіншілер егін екті. Ханның алдына әмірші келді. Сылақшы үйді сылады.
Сөздік диктант.
3 – жаттығу
Мүсінші, бірлік, қалаушы, қырықтық, татулық, байлық, жаңалық, қателік, кескіш, ұшқыш.
Үйге тапсырма. 5 – жаттығу
Ақан ақын болды,
Жекен жыршы болды,
Секен сыншы болды,
Бикен биші болды.
Бағалау.