Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Кәрім Сауғабаев Нан туралы өлең
2. С.Сарғасқаев "Шыбық"
3. Ара мен Шыбын
4. Әбіш Кекілбай Тасбақаның шөбі
Тақырыбы: Ара мен Шыбын
Мақсаты: Мысалды талдай отырып идеялық мазмұнын ашу, туындының тілдік көркемдігін жеткізу.
Міндеттері: Ой пікірлерін ортаға салу, іздендіру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін, актерлік шеберліктерін арттыру;
Оқушыларды адам бойындағы жақсы жаман қасиеттерді ажырата білуге, өмірге қажетін таңдай алуға тәрбиелеу.
Ресурстар: плакат, маркер, қима қағаздар, кестелер, карточка, оқулық.
Стратегиялар: Миға шабуыл , Кластер , Блум жүйесі
Барысы:
1. Психологиялық ахуал.
2. Қызығушылықты ояту
Жануарлар, құстар, жәндіктердің аты жазылған қима қағаздар арқылы Жануарлар , Құстар , Жәндіктер деп жазылған топтарға барып отырады.
3. Топ ұстанымын еске түсіру.
4. Бағалау туралы оқушыларға түсіндіру.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз Блум жүйесі арқылы өтеді. БІЛУ - ТҮСІНУ - ҚОЛДАНУ - АНАЛИЗ - СИНТЕЗ - БАҒАЛАУ.
5. Білу сатысы. Құзыреттілік технологиясы бойынша үй тапсырмасын сұрау.
- Сахналық көрініс түрінде көрсету,
- Берілген ойды толықтырып жазып, мысалдың мазмұнын еске түсіру.
- Топтастыру сызбасын пайдаланып кейіпкерлердің іс - әрекетіне мінездеме бер.
Кейіпкер:
Кейіпкерлердің іс - әрекеті:
Мен кейіпкердің орнында болсам.......
- Аққу, Шортан, Шаян мінездес адамдар өмірде кездесе ме?
- Ал өздерінің бойларыңда кездесе ме? Кездессе Абай атамыз айтқандай өз - өзімізден есеп алу арқылы оны жоюымыз керек.
6. Түсіну сатысы. Жаңа сабақ. Кластер әдісі.
- Адам бойында тағы қандай қасиеттер бар?
- Бүгін адам бойындағы қасиеттерді сипаттайтын Ара мен Шыбын мысалымен танысамыз.
- Оқушылар сабақтың мақсатын қояды.
7. Миға шабуыл стратегиясы.
1 - топ – Ара, шыбын туралы не білесіңдер?
2 - топ – Қонақ күту, Қонақжайлық дегенді қалай түсінесіңдер?
3 - топ – О. Әубәкіров өмірі, шығармалары.
8. Оқулықпен жұмыс.
- Рөлдерге бөліп оқыту
- Сұрақ – жауап
- Шыбын араға не деді?
- Ара оған неге бірден келісе салмады?
- Шыбынның қонақты дұрыстап күткісі келмей тұрғанын оның қай сөздерінен байқауға болады?
- Егер сен араның орнында болсаң, не істер едің?
- Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады?
- Осындай адамдар өмірде кездесе ме?
9. Қолдану сатысы. Шыбын мен Араның әрекетіне баға бере отырып, олардың қандай екенін кесте бойынша сипаттап жаз.
О. Әубәкіров туралы не білесің?
Шыбын (қандай?)
Ара ( қандай?)
10. Анализ сатысы.
Тақырыбы: Ара мен Шыбын
Авторы: О. Әубәкіров
Жанры: мысал
Кейіпкерлері: Ара, Шыбын
Негізгі идея: Ара сияқты еңбекқор, қонақжай, талапты, адал болу
Қорытынды: Жалқаулықтан, еріншектіктен, жаман қасиеттерден аулақ болу
11. Синтез сатысы. Ситуациялық жағдайлар. Әр топ ситуациялық жағдайларды топта талқылап, ортақ шешімін тауып қорғайды.
Пікірталас
Ара мен Шыбынның іс - әрекеті дұрыс және дұрыс емес деген пікірде пікір таластыру.
12. Бағалау сатысы. Рефлексия. Мысалдан қандай ойды аңғардыңдар, қандай қорытынды түйдіңдер?
Оқушылардың алдарына берілген критерий бойынша топтар бір – бірін бағалайды.
13. Үй тапсырмасы.
Мысалды жан - жақты талдау, мысалдың ұнаған жерінен үзінді алып жаттап келу.